Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 22

СКАЧАТЬ қолдау таппаса, канцлердің ұсынысы бойынша президент бундестагты таратуды жариялайды (1972 және 1983 жылдары кезектен тыс сайлаулар өткен болатын). Федералды президент саяси қоғамның бірлестігінің бетпердесі.

      Бундестаг – елдегі халық өкілеттігі. Ол халықтың сайлауымен 4 жылға сайланады. Ең маңызды міндеті – заң шығару, федералды канцлерді сайлау және үкіметті бақылау. Бундестагтың қызметі негізінен комиссиялар арқылы жүзеге асырылады (сыртқы істер комиссиясы, әлеуметтік мәселе жөніндегі комиссия, бюджет жөніндегі комиссия, петициялық комиссияға кім де болса өтініш жасай алады). 1949 жылдан 1990 жылға дейін бундестаг 6700 заң жобасын ұсынды және 5 мыңға таяуы (4400) қабылданды. Бундестагта заң жобасы үш оқылымнан өтуі міндетті, бір рет беделді комиссияға жіберіледі, үшінші оқылымда олар соңғы келісімге келеді. Заң көп дауысқа ие болғанда ғана қабылданады. Ал егер заң жобасы федералды жерлер ісіне қатысты болса, онда бундесраттың қолдауы міндетті түрде қажет. Бундестаг президенті ең күшті фракция мүшесінен сайланады.

      Бундесрат -федералды өлкелердің өкілеттігі, заң шығаруға және федерацияны басқаруға қатысады. Оның АҚШ сенаттық жүйесінен айырмашылығы, ол халықтық өкілдерден құрылмайды. Бундесрат өлкелік үкіметтің мүшелерінен немесе олардың өкілдерінен құрылады. Адам санының өлшеміне сай жерлерге бөлінетін дауыста біркелкі емес. Заңның көпшілігі бундесраттың қолдауымен қабылданады, әсіресе өлкелердің финанстық немесе егемендік мәселелеріне қатысты болса. Конституцияға өзгеріс енгізуде бундесрат дауысының 2/3-і қажет. Сондай-ақ бундесрат басқа заңдарды қабылдауға келіспеуге құқы бар, тек оны бундестагтың көпшілік дауысымен қалыс қалдыруға болады. Егер бундестаг пен бундесрат келісімге келе алмаған жағдайда екі палата мүшелерінен «келісуші комиссия» құрылып, екі жақтың көкейінен шығатын шешімге келеді. Бундесратта партиялардың мүддесіне қарағанда өлкелер мүддесі жоғары тұрады. Бундесрат өз президентін кезекті түрде бір жылға сайлайды. Егер Федералды Президент өз қызметін атқара алмаған жағдайда, Бундесрат президенті атқарады.

      Федералды үкімет – федералды канцлерден және 19 федералды министрден тұрады. Федералды канцлер елдің саяси даму бағытын айқындайды және осы үшін жауапты. Федералды үкімет ішінде тек федералды канцлер ғана парламентте сайланып, оған жауап беруге тиіс. Федералды конституциялық сот – Негізгі заңның іске асуына бақылау жасайды. Қабылданған заңдар, қаулылар, шешімдер негізгі заңға қайшы келе ме, жоқ па соны анықтайды. Үкімет жағынан жеке адамның құқы кемсітілсе, олда осы сотқа өтініш жасай алады. Федералды сот екі сенаттан, олардың әрқайсысы сегіз судьядан тұрады. Судьяның бір жартысы бундестагта сайланса, екінші жағы бундесратта сайланады. Олардың өкілеттігі он екі жыл және қайта сайлануға болмайды.

      1949 жылдың 14 тамызында Бундестагқа сайлау өткізу нәтижесінде ХДО/ХӘО 7,4 млн дауысқа (141 мандат), ГСДП – 6,9 млн (132 мандат), ЕДП-2,8 млн (52 мандат), ГКП – 1,3 млн (15 мандат) дауысқа ие болды.

СКАЧАТЬ