Название: Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор: Бақыт Бөжеева
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 9965-29-514-X
isbn:
1971 жылдың 3 қыркүйек айында төртжақты (АҚШ, КСРО, Франция және Ұлыбритания) Берлин келісімі жасалды. Бұл келісімде Берлин қаласының Германия Федеративтік Республикасының конституциялық бөлігі болып есептелінбейтіндігі бекітіледі. Дегенмен, келісімде Германия Федеративтік Республикасының тек Батыс Берлинге қатысты өкілеттілігі мойындалады.
Екі неміс мемлекеті арасындағы қарым-қатынастар жөніндегі келісімшартқа 1972 жылдың 21 желтоқсан айында қол қойылады. 1973 жылдың 18 қыркүйегінде екі неміс мемлекеті БҰҰ-ға мүшелікке қабылданады.
Бұл келісімдердің өзекті мәселесі, ол – соғыстан кейінгі шекараның мызғымастығы, ешқандай күш қолданбау. Бірақ бұл келісімдердің бундестагтағы бекітілуі өте шиеленісті жағдайда өтті десек те болады. Алғашқы Мәскеу және Варшава келісімдерін бундестагта бекіту шын мәнінде, В. Брандттың өте көп күш салуының нәтижесінде ғана мүмкін болды. Сөйтіп бұл екі келісім 1972 жылдың 17 мамырында бундестагта бекітіліп, күшіне енді.
Бундестагта ХДО/ХӘО және «кіші коалиция» арасындағы күштер қатынасының тепе-тең болмауы, кейінгі келісімдердің бундестагта бекітілу мүмкіндігін азайтты. Соған орай бундестагтың нәтижелі жұмыс жасауы мүмкін емес деп шешіп, таратылады. Жаңа сайлау 1972 жылдың 19 қарашасына белгіленеді. Шығыс саясатын халықтың көпшілігі құптады. Яғни мұны бундестаг сайлауындағы дауысқа байланысты, көз жеткізуге болады. ГСДП- сайлаушылардың 45,8 пайызын, ЕДП – 8,5 пайызын жинады, соның нәтижесінде енді «кіші коалиция» бундестагта көпшілікке ие болды.
1973–1975 жылдарда Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі Мәжіліс көлемінде мемлекетаралық ынтымақтастыққа қол жеткізіледі. Бұл жетістік негізінен осы шығыс саясатының нәтижесі еді. Сондай-ақ Шығыс саясаты ГФР-ның әлем алдындағы беделінің өсуіне өзіндік ықпалын тигізді.
В. Бранд қызметтен кеткен соң, 1974 жылдың 16 мамырында үкімет басына Гельмут Шмидт (1982 ж.) келді. Бұл кездегі Федералды президент 1974–1979 жылдар аралығында Вальтер Шель (ЕДП өкілі) болса, ал 1979-1984 жылдары Карл Карстенс (ХДО өкілі) болған еді.
70-жылдардың ортасында орын алған дағдарыс ГФР экономикасына едәуір соққы болды. 1974–1975 жылдардағы өнеркәсіп өндірісі 7,5 пайызға, ал кейбір салаларда тіпті 15-20 пайызға қысқарды. Экономикалық құлдыраудың алғашқы белгілері пайда болған кезде-ақ үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар тиімді шаралар қабылдай бастады. Атап айтқанда, мемлекеттік және жеке инвестицияларға жағдайлар жасалды, капитал айналымына бақылау жеңілдетілді. Бірақ бұл шаралар үмітпен күткен нәтижелерге әкелмеді. Өндірістің құлдырауы инфляцияға ұласты, 1973 және 1974 жылдары 7 пайызға жетті және жұмыссыздықтың өсуіне әкелді, олардың саны 1,2 млн адамға жетті. Г. Шмидт үкіметі 1974 жылы дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылдады. Жеке инвестицияларды қолдады, сонымен бірге салынған капитал көлеміне байланысты 7,5 пайыз сый тағайындады, түскен СКАЧАТЬ