Название: Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор: Бақыт Бөжеева
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 9965-29-514-X
isbn:
АҚШ-тың жаңа технология саласындағы жетістіктері арқасында Б. Клинтон әкімшілігі тек өз елінің емес, сондай-ақ бүкіл Батыстың ірі қаржы ресурстарын пайдалануға мүмкіндік берді. Алғашқы мерзімде жіберген қателіктерін жөндеу арқылы оның әкімшілігі АҚШ-тың экономикасын нығайтуға және оның жаһандану жағдайына бейімделу үшін маңызды шаралар қабылдады.
Кіші-Дж. Буш әкімшілігі. 2000 жылғы сайлау АҚШ-тың қазіргі заман тарихындағы ең даулы болды. Ол сайлау жүйесінің беделін азайтып, биліктің саяси институттарының тұрақтылығына күмән келтірді. Демократиялық партиядан үміткер А. Гор алдыңғы әкімшіліктің әлеуметтік-экономикалық және саяси бағытын жалғастыратын бағдарлама ұсынды. 90-жылдардың аяғындағы барлық жетістіктер оның еншісінде болды, атап айтсақ, жылына инфляция деңгейі 2-3%, жұмыссыздық 4 %-ға жуық, кедейшілік деңгейі 12,7 %-ға төмендеді, ЖІӨ алғашқы рет 9 трлн доллардан асып кетті, 20 млн-нан астам жаңа жұмыс орындары ашылды және т.б. Осы жетістіктер негізінде А. Гор «Үшінші жол» тұжырымдамасының артықшылығын көрсетіп, оны президент ретінде жалғастыруды көздеді.
Демократтардың басты қарсыласы – АҚШ-тың 41-президентінің ұлы, Техас губернаторы кіші-Дж. Буш болды. Ол Клинтон әкімшілігін сынға ала отырып, сайлау науқанын өте белсенді, батыл жүргізді.
2000 жылғы сайлау науқанында қалжыратқан президенттік таластың әрі қарай жүру барысын анықтап берген екі маңызды оқиға болды. 27 қарашада президенттік жарыстың көшбасшысын анықтау қиынға соққанда АҚШ тарихында алғашқы рет сайлаудың қорытындылары аймақтық сотта, кейін Флориданың Жоғарғы сотында және АҚШ-тың Жоғарғы сотында қайтадан қаралды. Екі үміткер де әділеттікті тілеп, сот жүйесіне сенім білдірді.
13 желтоқсанда, яғни сайлау басталғанына 36 күн болғанда АҚШ-тың Жоғарғы соты «Буш Горға қарсы» атты істі қарастырып, Флориданың Жоғарғы сотының даулы бюллетеньдерді қайтадан санау туралы шешімін қате және конституцияға қарсы деп жариялады. Алайда Жоғарғы сот бүкіл ел тәрізді екіге бөлінді: Дж. Бушты президент етіп сайлау туралы тарихи шешім тек бір дауыс айырмашылығымен қабылданды (5-ке қарсы 4).
Қоғамда өткізілген сауалнама бойынша америкалықтардың 60 %-ы Жоғарғы соттың шешіміне сенді және Джордж Буш жеңіске жетті деп есептеді. Көп ұзамай А. Гор соттың шешімімен толық келіспейтінін, алайда, онсыз да бөлініп кеткен қоғамдағы жағдайды шиеленістірмеу үшін сот шешімімен келісетінін жариялады. Бес апталық көптеген даулар мен сот үрдістерінен кейін Америка өзінің жаңа 43-президентінің есімін білді. Кіші-Дж. Буш АҚШ тарихында әкесі президент болған (Адамстан кейінгі) екінші президент болып сайланды.
Президент болып сайланғаннан кейін кіші-Дж. Буш Техаста құрылған «Жаңа жұлдыз» атты пресветериандық ұйым үлгісіндегі халықтың кедей бөлігіне уақтылы және маңызды әлеуметтік көмек көрсете алатын қайырымдылық және діни ұйымдардың қызметі СКАЧАТЬ