Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері. Əзімбек Қоқанбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері - Əзімбек Қоқанбаев страница 9

СКАЧАТЬ түсіндірілуі: Бөлшектердің жылу қозғалыстарымен байланысты барлық құбылыстар (диффузия, осмос т.б.) кірнелерде де байқалады. Молекулалы-дисперстік жүйелер және кірнелердің кинетикалық қасиеттерінің айырмашылығы тек бөлшектердің өлшемдерінде және қозғалыс жылдамдықтарының әртүрлілігінде. Кірнелердің дисперстік фазасының бөлшектерінің өлшемдері өте үлкен болады және төмен молекулалы қозғалыстарға қарағанда баяу қозғалады. Сондықтан коллоидтық бөлшектердің диффузия жылдамдығы молекулалы-дисперстік жүйелердің диффузиялану жылдамдығынан әрқашанда кем болады.

      2-тәжірибе. Кірнелердің осмос қысымы

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) 0.5 %-дық конго-қызыл ерітіндісі; 2) Осмос қысымын өлшейтін аспап; 3) Проекциялық фонарь

      Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Кәдімгі сынауықты пайдалана отырып, коллоидийлік қапты дайындаймыз (3-тәж. қараңыз). Дайын коллоидийлік қапты екі жағынан бұрғыланған саңылауы бар резіңке тығынға мықты жіппен байлаймыз. Тығынның бір саңлауына ішкі диаметрі 1мм, ұзындығы 30 см-дей капиллярлы түтікшені орналастырамыз. Екінші саңылауға сыртынан резіңкетүтікше кигізілген диаметрі 6-7 мм қысқа шыны түтікшені орналастырамыз.

      Тәжірибенің орындалуы: Осмометрдің қысқа түтікшесі арқылы коллоидийлік қапты 0,5 %-дық конно-қызыл ерітіндісімен толтырамыз.

      Капиллярлық түтікшенің бұл жағдайда төменгі ұшы коллоидийлік қаптың ішіне кіріп тұрмайтындай көтеріліп тұруы керек. Қап толған кезде капиллярлы түтікшенің төменгі ұшын біррнеше сантиметр ерітіндіге батырып, түсіріп қоямыз. Резіңке түтікшенің кесілген жерін металл қысқышпен қысып қоямыз. Конго-қызыл ерітіндісі бар коллоидийлік қапты айдалған суы бар стақанға саламыз. Бұл кезде стақандағы судың деңгейі, қаптағы кірненің деңгейімен бірдей болуы керек. Экранда проекциялық фонардың көмегімен капиллярлық түтікшені проекциялай отырып кірне ерітіндісінің деңгейін тәжірибенің басында және 30 минут өткеннен кейін белгілейміз.

      Тәжірибенің нәтижесі: 30 минут өткеннен кейін капиллярлы түтікшеде 5-6 см биіктікке көтеріледі. Сонымен кірнелерді шын ерітінділердегі сиякты осмос қысымы болады, бірақ шамасы жағынан аз болады.

      3-тәжірибе. Седиментациялық талдаудың демонстрациясы

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Зерттелінетін жүзгін; 2) Седиментомер; 3) Проекциялық фонары; 4) Секундомер

      Аспаптың құрылысы: 9-суретте седиментациялық талдауды демонстрациялауға болатын Фигуровский седиментомерінің өзгертілген түрі көрсетілген. Суретте горизонталдық кварцтың күйентелік рөлін сезімтал, ұзындығы шамамен 150 мл, спиралдық екі 20 мл болатын диаметрі 0,2 мм болат сымтемірден даярланған серіппе (3) атқарады. Оның жоғарғы ұшын резіңкелік тығынға бекітеді. Резіңке тығын вертикалдық түрде тұрғыға бекітілген шыны түтікшенің жоғарғы жағын жабады. Серіппенің төменгі жағына диаметрі шамамен кірнемен және тереңдігі 3 мм болатын табақшасы бар шыны немесе кварц жіп (7) ілінген. Бұл табақшаны жіпке пицеинмен (2 салмақтық бөлігі шайыршық және 1 салмақтық СКАЧАТЬ