Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері. Əзімбек Қоқанбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері - Əзімбек Қоқанбаев страница 5

СКАЧАТЬ арасында өзара тепе-тендік орнағанша созылады. Бірақ коллоидтық болшектердің өлшемдері үлкен болғандықтан жарғақ арқылы өте алмайды. Еріткішті жиі жаңарта отырып, кірнелерді қоспалардан тазартуға болады.

      2-тәжірибе. Электрдиализ әдісі арқылы кірнелерді тазарту

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Тазартылмаған темір гидрокірнесі; 2) Электрдиализатор; 3) 300-400 B тұрақты ток көзі; 4) Волтметр; 5) Миллиаперметр; 6) Магниттік араластырғыш ММГ; 7) Айдалған суы бар ыдыс (шайқағыш).

      1 – кернеу көзін қосуға арналған клемма; 2-электрод

      4-сурет. Электрдиализатордың құрылымы: а) жалпы көрінісі; б) бүйірлік секцияларының ішкі көрінісі; в) орталық секция көрінісі

      Құрылғының құрылысы: Негізінен электрдиализаторды плексигластан дайындайды. Бұл құрылғы бір-бірімен бұрандалар арқылы жалғасқан үш бөліктен тұратын жинамалы (алып-салынбалы) ыдыс болып табылады. Бөліктердің арасына резіңке сақиналы төселімдер салынған. Электродтар ретінде көбіне платина торлар немесе серіппелер қолданылады, олар шеткі бөліктерінің қабырғалары арқылы сыртқа шығарылған және клеммаға жалғастырылған. Целлофанның қиындыларын алдын ала сулап алады, сосын екі шеткі бөліктердің резіңке төсемдерінің арасына оларды салып, су ақпайтындай етіп қышқыш бұрандалармен қысады.

      Тәжірибенің нәтижесі: Электрдиализатордың ортаңғы бөлігіне тазартылмаған темір гидрокірнесін, ал шеткі бөліктеріне айдалған су құямыз. Электрдиализаторды магниттік араластырғышқа қойып, ортаңғы бөлікке шыныға дәнекерленген магниттік араластырғышты жіберіп, платина электродтарын тұрақты ток көзіне қосамыз.

      Электрдиализаторды вольтметр және минивольтметр арқылы қалай қосу керек екені (5-сурет) көрсетілген. Магниттік бұлғағышты қосып, тұрақты ток көзі арқылы платина электродына кернеу бере отырып, миллиамперметрдің көрсеткіштерін бақылаймыз.

      5-сурет. Кернеу көзіне вольметр, амперметр және электродиализаторды қосу сұлбасы

      Ескерту: Тәжірибені 1-2 минуттың ішінде көрсетуге болады. Тұрақты ток көзі ретінде кең таралған ВСА-4 түзеткішін қолданған дұрыс.

      Тәжірибенің түсіндірілуі: электрдиализаторды қоса салған кезде, ток тізбегінде ток күші өте аз болады. Бірақ электролиттердің целлофен жарғағы арқылы ауысуы нәтижесінде ток күшінің өзгерісіне қарап электрдиализаторда өтіп жатқан құбылыстарға қорытынды жасап айтуға болады.

      3-тәжірибе. Ультрасүзу әдісімен кірнелерді тазарту

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Коллодий ерітіндісі; 2) Канифоль ерітіндісі; 3) Судағы қара туштың кірнесі; 4) Бунзен құтысы; 5) Бюхнер құйғысы; 6) Комовскийдің сорғысы; 7) Үшжүрістік шүмек; 8) Кірнесіз сүзгіштер; 9) Ультрасүзуге арналған құрылғы; 10) Талшықтас торы; 11) 500 мл-лік құты; 12) Жазық параллель қабырғалалары бар бірнеше кішкене ыдыстар; 13) Бунзен жанарғы; 14) Үшаяқты тұрғы.

      Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Ультрасүзу әдісі үшін жарғақты былай СКАЧАТЬ