Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері. Əзімбек Қоқанбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері - Əзімбек Қоқанбаев страница 6

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      1) Бюхнер құйғысы 2) Резіңке төсеніші 3) Шыны құйғы 4) Эбонит пластинкасы 5) Қысқыш винт 6) Бунзен құтысы

      6-сутет. Коллоидтық ерітінділерді ультрасүзгілеуге арналған аспап

      Тәжірибенің нәтижесі: Екі кірненің де ультрасүзінділері мүлде түссіз, сондықтан олар іс-жүзінде Тиндаль конусын бермейді. Канифоль мен қара туштың өздерінің бастапқы ерітінділерімен салыстырғанда концентрленген кірнелерінің ультрасүзіндісі күшті қарқындылықта болады.

      Ескерту: Камовский сорғының орнына күшті су ағызатын сорғыны пайдалануға болады. Ультрасүзу әдісін тазартылмаған темір гидроксиді кірнелеріне қолдануға болады. Бұл жағдайда ультрасузгіштен хлор иондарын күміс нитраты арқылы табуға болады.

      1.3. Кірнелердің оптикалық қасиеттері

      1-тәжірибе. Тиндаль (эффектісін) көрсету

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Темір гидрооксидінің кірнесі; 2) Күшән сульфидінің кірнесі; 3) Алтын кірнесі; 4) Күміс кірнесі; 5) Канифоль кірнесі; 6) Берлин көкшіл кірнесі; 7) Күкірт кірнесі; 8) 5 %-дық мыс сульфаты; 9) 2 %-дық темір роданиді; 9) Проекциялық фонарь; 10) Жазық параллель қабырғалары бар 11 шыны сауыт.

      Тәжірибенің орындалуы: Тәжірибені жүргізерден бұрын 8 ерітіндінің кірнелерін дайындап аламыз, яғни алдыңғы тәжірибелерде жазылғандай, жазық параллельді қабырғалы ыдысқа оларды құйып, аузын резіңке тығынмен тығындап жабамыз. Осындай тағы 3 ыдысқа мыс сульфатының, темір роданидінің және калий дихроматының ерітінділерін құямыз. Шын ерітінділер мен зерттелетін кірнелердің түстері бірдей болуы шарт.

      Проекциялық фонарь көмегімен қарқындылығы төмендеу жарық шоғырын аламыз. Ол үшін алдын ала линзаны түсіріп аламыз да, шамның жапқышын өте тар тесік тесілген диск арқылы жабамыз.

      Диафрагмаға тым жақын орналастырылған кішкене үстелге зерттелінетін ерітінділер толтырылған жазық параллельді қабырғалы ыдыстарды кезекпен құямыз.

      Тәжірибенің нәтижесі: Барлық коллоидтық ерітінділерде қарқынды Тиндаль конусы байқалады. Шын ерітінділерде қарқынды тиндаль конусы іс жүзінде байқалады.

      Ескерту: Тәжірибе үшін проекциялық фонарь жоқ болған жағдайда, диаметрі 1 см, шеткі қабырғасының саңлауы ішінен қара түске боялған қандай да болмасын камера қолдануға болады. Бұл камераға күшті жарық көзі орналастырады.

      2-тәжірибе. Кірнелердегі жарық шашырауының талғамдылығы. Релей заңы

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Канифоль кірнесі; 2) Айдалған су; 3) Проекциялық фоонарь; 4) Жарық сүзгіштер: қызыл, жасыл, көк; 5) Ақ экран; 6) Жазық параллель қабырғалы бірдей екі астауша.

      Тәжірибенің орындалуы: Өткен тәжірибедегі сияқты проекциялық фонарьды тар қарқынды сәуле шоғырын алу үшін қайта жабдықтайды. Сәулелендіргіштің шамдарының саңлауларының қабығын қызыл жарық сүзгішпен қайта жауып, диафрагма сәулесінен, СКАЧАТЬ