Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері. Əзімбек Қоқанбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері - Əзімбек Қоқанбаев страница 7

СКАЧАТЬ алып, ұсақтап кесіп, оны метил немесе этил спиртімен кәрден келісінде жақсылап ұсатамыз. Хлорофиллді экстракциялау үшін негізінен 600 мл еріткіш алу керек. Алынған ерітіндіні алдымен жай кәдімгі сүзгіш арқылы сүземіз, сосын оны бөлектеп құйғыға ауыстырып, үстіне 10 мл бензин құямыз. Бөлгіш құйғыдағы қоспаны жақсылап шайқап, біраз уақыт тұндырып қоямыз. Бұл кезде барлық хлорофилл бензин қабатына ауысып өтеді. Оны бөліп алып, әрі қарай тәжірибе жасауға пайдаланамыз.

      А-тәжірибесінің орындалуы: Хлорофилл ерітіндісін шыны астаушаға құйып, көз мөлшерімен ашық сәуле шоқтарымен проекциялық фонардан әр түрлі жағдайда жарықтандырады.

      Тәжірибенің нәтижесі: Жарық көзінен өткен сәуле хлорофилл қабаты арқылы өтіп, байқаушының көзіне түседі. Онда хлорофилл ерітіндісінің түсі ашық-қызыл түске боялады. Осы ерітінді шағылған сәуледе көк-жасыл түске боялады.

      Б-тәжірибесінің орындалуы: Метил спиртінде 1 %-дық метил-сарғыш ерітіндісін және 0.1 %-дық метилен көгі ерітіндісін дайындап бірдей көлемдерін бір-біріне қосамыз. Алынған ерітінділердің қоспасын жазық паралельді қабырғалы астаушаға құйып, жарық сәуле шоғырымен алдыңғы тәжірибедегідей жарықтандырамыз.

      Тәжірибенің нәтижесі: Алынған ерітінді, хлорофилл тәрізді, түскен сәуледе қою-қызыл түс, ал шағын сәуледен көк-жасыл түске енеді.

      В-тәжірибесінің орындалуы: Сыйымдылығы 1 л шыны құтыға шамамен 500 мл 0,01 н калий иодидінің ерітіндісін және осындай мөлшерде күміс нитратының ерітіндісін құямыз, күміс иодидінің әлсіз, опаллесцияланған кірне түзіледі. Бұл кірнені жарық параллель қабырғалы астаушаға құйып, алдыңғы тәжірибедегідей жарық сәуле шоғырымен жарықтандырамыз.

      Тәжірибенің нәтижесі: түскен сәуледе күміс йодидінің кірнесі сарғыш-қызыл, ал шағылған сәуледе көкшіл түс береді.

      Тәжірибенің түсіндірілуі: түскен және шағылған сәулелерде барлық кірнелердің түстері әр түрлі болады. Бұл құбылысты дихроизм деп атаймыз. Ереже бойынша көптеген кірнелер түскен сәуледе сарғыш қызыл түске, ал шағылған сәуледе көкшіл-жасыл түске боялады.

      4-тәжірибе. Нефелометрия құбылысына тәжірибе

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Этил спиртіндегі канифольдің 2 %-дық ерітіндісі; 2) Сыйымдылығы 0.5 л-лік жазық параллель қабырғалы 2 ыдыс; 3) Ыдыс үшін қара қапшық; 4) Қуаттылығы 300 Вт шамы бар жарықтандырғыш; 5) Ақ экран; 6) Шыны таяқша; 7) Айдалған су

      Құрылғының құрылысы: Жазық параллельдік қабырғалы екі ыдысты бір-біріне тығыз жабыстырып қоямыз. Оларды іш жағы қара түспен боялған немесе қара қағаз желімделінген қапшықпен жабамыз. (7-сурет). Қапшықтың бір бүйірінен екі тесік-терезеше шығарамыз. Олар екі ыдыстың жалпы қабырғаларынан шамамен 2-3 см қашықтықта болуы шарт. Басқаша айтқанда, тесік-терезешелер (3) әрбір ыдысқа (8) қарама-қарсы 4-6 см қашықтықта тесілуі керек. Қапшықтың жоғары жағынын да (жапқышынын да) тесіктер жасау керек. Оларды біреуіне еш саңлаусыз түтікшені (7) бекітеді. Онің ішінде жарық бергіш (жарықтандырғыш) СКАЧАТЬ