Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері. Əзімбек Қоқанбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері - Əзімбек Қоқанбаев страница 4

СКАЧАТЬ кезде күміс немесе мыс кірнесінің қою бұлттары түзіледі. Осындай жолмен алынған металдардың кірнесі арқылы Тиндаль конусы анық көрінеді.

      Тәжірибенің түсіндірілуі: Су астында доға түзілгенде, злектродтар дайындалған металдардың булану үдерісі жүзеге асады. Салқындатылған суда металдардың буы конденсацияланады да, коллоидтық бөлшектердің агрегаттары түзіледі.

      7-тәжірибе. Үлкен молекулалық қосылыстардың гидрокірнелерін алу

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Крахмал; 2) Ас желімі (жапырақшалар); 3) Ұнтақ казеин; 4) Альбумин немесе тауық жұмыртқасы; 5) 1 н CH3COONa; 6) Келсапшасы бар кәрлендік келіше (үккіш); 7) Кәрлен ыдыс; 8) Құмды монша; 9) Салмағы әр түрлі тастары бар техникалық таразы; 10) 50 мл-лік тамшуыр; 11) 200 мл-лік 2 стақан; 12) 100 және 200 мл-лік өлшеуіш құтылар.

      А-тәжірибесінің орындалуы: 0,5 г өлшеніп алынған крахмалды кәрлен келісінде жақсылап ұнтақтаймыз содан соң крахмалды кәрлен ыдысына ауыстырып, ең алдымен 10 мл айдалған су құямызда, жақсылап араластырып, үстіне тағы да 90 мл айдалған су қосамыз.

      Тәжірибенің нәтижесі: Бірнеше рет қайнағаннан кейін 0,5 %-дық крахмалдың жылтырауық кірнесі алынады.

      Б-тәжірибесінің орындалуы: Ас желімінен бірнеше тілім кесіп алып, одан 0,5 г өлшеп аламызда, 200 мл-лік стақанға салып, үстіне 50 мл айдалған су құямыз. 6-8 cағат ісінгеннен кейін стақанға тағы 50 мл су құйып, 40-50 ºC температурада, алынған қоспаны сулы жылытқышта ісінген (бөрткен) желім толық ерігенше қыздырамыз.

      Тәжірибенің нәтижесі: Қыздырғаннан кейін 0,5 %-дық желім ерітіндісі алынады. Ерітінді консервациялануы үшін бірнеше тамшы құмырсқа альдегидінің ерітіндісін қосамыз.

      В-тәжірибесінің орындалуы: Алдын ала келішеде ұнтақталған жұмыртқа альбулинінен немесе тауық жұмыртқасының нәруызынан 20 г өлшеп алып 200 мл-лік өлшеуіш құтыға саламыз. Құтыға 40-50 мл-лік суық айдалған су қосып, құтыдағы қосылыс толық ерігенше қатты шайқап отырамыз. Сосын құтының белгісіне дейін сумен толтырып, қайта шайқаймыз.

      Тәжірибенің нәтижесі: Суық суда еріткен кезде әлсіз нәруыз-дың коллоидтық ерітіндісі алынады.

      Г-тәжірибесінің орындалуы: 100 мл-лік өлшеуіш құтыға тамшылатқыштан 10 мл 1 н натрий ацетаты ерітіндісін, 20 мл су және 0,4 г ұнтақ казеин қосамыз. 40-50 ºC температурада сулыжылытқышта периодты түрде шайқай отырып, құтыны қыздырамыз. Құтыдағы қоспа қалай толық ериді, солай құтының белгісіне дейін айдалған сумен толтырамыз.

      Тәжірибенің нәтижесі: Қыздырылғаннан кейін аз ғана казеиннің коллоидтық ерітіндісі алынады.

      1.2. Кірнелерді тазарту әдістері

      1-тәжірибе. Диализ әдісімен кірнелерді тазарту

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Медициналық коллоидий (колоксилин ерітіндісі: қоспада 3 бөлік спирт және 15 бөлік эфир бар); 2) 0,1 н AgNO3; 3) Тазартылмаған Fe(OH)3 кірнесі; 4) 500 мл-лік конус тәрізді құты; 5) Қысқаша шыны түтікше; 6) Жіңішке жіп; 7) Үлкен кристализатор; 8) Бунзен тұрғысы.

      Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Жақсылап жуылған және кептірілген конус тәрізді құтыны СКАЧАТЬ