Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 30

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ асцидиялар мен голотурийлер жатады. Интерстициалды фаунаның өкілдерінің дене мөлшері майда, саны көп, көбеюі жылдам және өмірі өте қысқа болады.

      Жасанды суқоймалары. Адамның қолымен жасалған суқоймаларының ішінде жасанды суқоймаларының алатын орны үлкен. Көпшілік жағдайда жасанды суқоймалары шаруашылықтың әртүрлі салаларында (элекр энергиясын өндіру, жер суландыру, сумен жабдықтау, балық шаруашылығын дамыту және т.т.) су ресурстарын кешенді пайдалануға арналған.

      Сумен толтыру және су шығынының сипатына қарай жасанды суқоймалары жылдық, маусымдық, апталық және тәуліктік реттелетін суқоймалары болып бөлінеді. Суқойманың барлық көлемі пайдалы, су жіберуге болатын және пайдасыз, су жіберу мүмкіндігі жоқ деп ажыратылады.

      Морфометриясына тәуелді болуына қарай суқоймалары, арналы (алқаптық), өзендердің аңғарларының шегінде орналасқан және созылған формалы, көлдік-өзендік (қалақтық не дөңгелек) суқоймалары деп жіктеледі. Соңғысының ауданы оған құйылған өзендер мен басқа суқоймаларынан бірнеше есе артық болады. Өзінің гидрологиялық сипаттамасы бойынша жасанды суқоймалары өзендер мен көлдердің белгілеріне ие. Ені, әсіресе бөгетке жақын жерде, оны көлге жақындатса, ағысы, әсіресе жоғарғы учаскесінде, өзенге жақындатады. Жасанды суқоймаларының табиғи суқоймаларынан ерекшелігі – су шығынын реттеуге болуында. Жасанды суқоймаларында әдетте 3 табиғи аймақты не учаскені ажыратады. Гидроморфологиялық белгілері бойынша ол тереңсулы бөгетмаңы учаскесі, режимі бойынша көлге жақындайды, тереңдігі орташа аралық учаске және саязсулы жоғарғы учаске деп бөлінеді.

      Арналық типті суқоймаларының жоғарғы учаскесі өзендік жағдайларды және өзендік мекендеушілерді сақтайды, ол учаскедегі флора мен фауна аралық сипатқа ие, бөгетмаңы аймақта көлдік белгі байқалады. Қалақтық не дөңгелек типті суқоймаларын мекендеушілер өзендіктен жақсы ерекшеленеді және құрамы бойынша көлдікке жақындайды. Жасанды суқоймаларының алғашқы сатыларында ондағы мекендеушілер бұрынғы суқоймаларының мекендеушілеріне жақын болады. Үлкен жазықтық өзендердегі жасанды суқоймаларында фаунаның қалыптасуы 3 сатыдан өтеді. Бірінші сатыда су толтыруға дейін тіршілік еткен реофилді, фитофилді және басқа биоценоздар бұзылады және су басқан құрлықта, су қабатында экологиялық біртекті мекендеушілермен толығады. Екінші сатыда уақытша топтардың қалыптасуы: бентоста бірінші жаздың өзінде-ақ суқоймасының барлық түбі хирономидтер дернәсілдерімен жаппай қоныстануы; зоопланктонда бірінші жазда шаяндар мен коловраткалардың жаппай дамуы жүзеге асады. Үшінші сатыда бентостың қалыптасуы гомотопты фаунаның су басқан құрлық бойынша таралуы аяқталған кезде басталады. Бұл, негізінен, су толтырылғаннан кейінгі 3-4 жылда жүзеге асады және бентостың биомассасының өте күшті төмендеуі байқалады. Зоопланктон үшін қалыптасудың үшінші сатысы түрлік алуандылықтың СКАЧАТЬ