Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 34

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ бұғазы болды, онда орташа биомасса 646,0 г/м2-қа жетті. 1996 жылы Бутаков бұғазында макрозообентостың құрамында Арал теңізіне тән барлық түптік омыртқасыздар топтары анықталды. Мысалы, қосжақтаулы моллюскалар Abra ovata, Cerastoderma isthmicum Issel және көпқылтанды құрттар Nereis divercolor кездесті. Бентостың орташа биомассасы мен сан мөлшері біршама жоғары болды және 646 г/м2 және 42,3 мың дана/м2 құрады. Барлық станцияларда биомассасы және саны бойынша қосжақтаулы моллюскалар Abra ovata басым болды. Зообентостың бұғаздың акваториясы бойынша орналасуы біршама біртекті, ал олардың салыстырмалы биомассасы аз ғана өзгеріп тұрды.

      Кіші Аралдың фаунасының болашағы тұздылықтың төмендеуінің қаншалықты ұзаққа баратынына тәуелді. Қазіргі кезде теңіздің акваториясының басым бөлігі ащылаусулылық тұздылықты аймақта, суқоймасының тұщысулы-ащылау сулы өтпелі аймағы басым. Сырдарияның құйылыс сағасының алдында көлемі жағынан шағын негізгі тұщысулы тұздылық аймағы бар. Осыған орай теңізге осы аймақта бұрында мол болған Dreissena polymorpha aralensis қайта оралуы мүмкін.

      Еркін тіршілік ететін омыртқасыздардың түрлік құрамы Аралдың тұздану үдерісі бойынша біркелкі өзгерген жоқ. Өйткені кезекті тұздану кезеңі салыстырмалы тұрақтылық кезеңімен алмасып тұрды. 1971-1976 жылдары, алғашқы күйзеліс (кризис) кезінде, тұздылық 13‰-ден асқанда, гиперосмостық реттелуге қабілетті шығу тегі тұщысулық және ащылаусулық түрлер жойылды. 1986-1989 жылдары, екінші күйзеліс кезінде, тұздылық 27-32‰ болғанда, шығу тегі каспийлік гипоосмостық реттелуі әлсіз ащылаусулық түрлер жойылды. 1990-жылдардың аяғында және 2000-жылдардың басында үшінші күйзеліс кезінде, тұздылық 47-52‰-ге жеткенде және одан асқанда Үлкен Аралдан жоғары тұздылықта белсенді осмосреттелуге қабілетсіз және бұл жағдайларда осмоконформаторлар болып табылатын шығу тегі теңіздік түрлер жойылды.

      Арал теңізі бөлінгеннен кейін 1989 жылы Кіші Аралда су балансы оң болып, оның тұздылығы кеміді. Омыртқасыздар фаунасының жаңадан өзгеруі үшін жағдай жасалды. Ащылаусулық формалардың өкілдеріне қайтадан қайтуға мүмкіндік болды және зоопланктон мен зообентостың тұщысулық түрлерін қайта жерсіндіруге (реинтродукция) жағдайлар туды. Үлкен Аралдың су балансы теріс, ары қарай суалуы жалғасуда және тұздылығы артып, гипергалинді суқоймасына айналды, онда гипергалинді фаунаның өкілдері мекендейді.

      Каспий теңізі – ағынсыз ащылаусулы тұйық суқойма, оның суы Ресей Федерациясы, Қазақстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Иран ислам республикасымен шектеседі. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты теңіздің мәртебесі өзекті мәселеге айналды. Құқықтық, экономикалық деңгейде теңіздің биоресурстарын пайдалануды мемлекет аралық реттеу өте шиеленіскен жағдайда қалды. Біріншіден, мұнай-газ кен орындарын игеру кезінде экологиялық қауіпсіздік мәселелері және екіншіден, барлық Каспиймаңы мемлекеттері жүргізетін гидрофаунаны зерттеу саласындағы ынтымақтастық тұрды.

      Каспий теңізінің акваториясын Каспиймаңы мемлекеттерінің арасында бөлуден кейін, теңіз биотасының жағдайы жайындағы соңғы жылдардағы әдебиет көздері, негізінен, СКАЧАТЬ