Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 33

Название: Жалпы гидробиология

Автор: Б. Минсаринова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-2166-0

isbn:

СКАЧАТЬ бұл топтың саны өте жоғары (1,5-22 мың дана/м3) болды. Осылайша, 1990 жылдардың екінші жартысында коловраткалар Кіші Аралдың зоопланктонында басым топтардың бірі болып қалды.

      Зоопланктонда қайтадан каспийлік бұтақмұртты шаянтәрізділердің Podonidae тұқымдасына жататын Podonevade camptonyx және Evadne anonyx түрлерінің саны артты. Олар бұрынғы жылдардағыдай Бутаков бұғазында кездеспеді. Бұл шаяндар ұзақ уақыт бойы Арал теңізінде де кездеспеді, өйткені судың тұздылығы жоғары болды, құрып кетудің алдында тұрды, тек 2000 жылдардың басында қайтадан пайда болды және олардың саны бұрынғы деңгейіне дейін қалпына келді.

      Ащылаусулық формалар, мысалы, Diaptomus salinus ескекаяқты шаяны, коловраткалар мен бұтақмұртты шаянтәрізділердің алуантүрлілігі төмен болды.

      1990 жылдардың аяғына қарай Үлкен Аралдың суының тұздылығының артуына қарай барлық фаунада күрт өзгерістер болды. Белсенді осмосреттеуге қабілетсіз болғандықтан шығу тегі теңіздік түрлер жойылды. 1997 жылы тұздылық 57‰-ге жеткенде зоопланктонда басым болған Calanipeda aquaedulcus шаяндары, Synchaeta sp. коловраткалар жойылды. 1996 жылы Үлкен Аралға голофил Artemia parthenetica жіберілді. 2004 жылы батыс Үлкен Аралда голофилді Apocyclops dengizicus копеподы пайда болды. Тұздылығы біршама жоғары шығыс Аралда тек Artemia parthenetica мекендейді. Үлкен Аралға эвригалинді галофилді сауытты Eucypris inflate шаяны енгізілді.

      Арал теңізінің зообентосының түрлік құрамы зоопланктонның түрлік құрамы сияқты 3 топқа бөлінеді: 1-атыраулық көлдер мен тұщыланған бұғаздарда мекендейтін түрлер (тұздылық 3-5‰-ден төмен); 2-тұздылық 3-5‰-ден жоғары суларда мекендейтіндер; 3-тұздылығы 10,2‰-ге дейін болатын ашық теңізде кездесетіндер.

      1874-1971 жылдардың аралығында ашық теңіздің зообентосының құрамында 41 түр мен түршелер анықталған, олардың ішінде буылтық құрттар – 7, жоғары сатыдағы шаянтәрізділер – 5, насекомдар – 17 және моллюскалардың 12 түрлері мен түршелері болды.

      Арал теңізінде кездескен барлық азқылтанды құрттар – тұщы суларға тән кең таралған түрлер, бірақ олар тұздың белгілі концентрацияларына шыдамды болған, кейбіреулері тіпті мұхит суының тұздылығына дейін шыдаған. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділерден тек аборигенді бүйіржүзгіш Dikerogammarus aralensis болған. Арал теңізінде жылғалықтар тұзды суларда кең таралған түрлерден, хирономидтердің дернәсілдері, негізінен, тұщы сулықтардан тұрды. Моллюскалардың арасынан «каспийлік» түрлерді (барлық дрейссендер – Dreissena, гипанистер – Hypanis және теодоксус – Theodoxus) және жерортатеңіздік-атлантикалық түрлерді (каспиогидробиялар – Caspiohydrobia және синдосмия – Syndosmya) бөледі.

      Сонымен, су деңгейінің күрт төмен түсуіне және тұздылықтың артуына дейін Арал теңізінің зообентосы шығу тегі тұщы сулы аздаған эвригалинді түрлерден, «каспийлік» және жерортатеңіздік-атлантика түрлерінен тұрған.

      Арал теңізінің алғашқы тұздылануының соңғы кезінде зообентостың түрлік құрамы 32 түрді біріктірді, олардың арасында бір олигохет, 2-жоғары сатыдағы шаянтәрізділер, 2-хирономид және 27 моллюскалар болды. Тұзданудың қарқынды кезеңінің алғашқы СКАЧАТЬ