Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 20

Название: Телерадиожурналистика

Автор: Клара Қабылғазы

Издательство: КазНУ

Жанр: Культурология

Серия:

isbn: 978-601-04-2164-6

isbn:

СКАЧАТЬ мақсаты болып табылады. Бағдарламаға белгілі мәдениеттанушы ғалымдар, тарихшылар мен этнографтар қатысады. Мәдени-танымдық хабарды радиожурналист Мақсат Мәліков жүргізеді.

      Мәдени-танымдық, қазақ руханиятын дамытуға өзіндік үлесін қосатын «Қаламгер. Қазақ әңгімелері» хабарының да өзіндік орны бар. Хабарда қазақ жазушыларының әңгімелері оқылады.

      Нұржамал Жаңабаеваның «Шығыс жұлдыздары» мәдени-танымдық бағдарламасы шығыстың жеткен шыңын, жүрген жолын, сұлу санасын, қарымды қалпын, дарытқан даналарын санасы ояу, көкірегі ашық тыңдарманға таныту, шығыстың өн бойындағы бірегейлікті тыңдаушыға дарыту, осылайша қазақтың осы бір алып өркениеттің ажырамас бөлігі екенін айтып, қорытуды мақсат тұтқан.

      Дін еркіндігі және дінаралық келісімді қамтамасыз ету бағытындағы мемлекеттік саясатқа ақпараттық қолдау көрсетуге арналған қоғамдық-танымдық бағдарлама «Жұма мінбері» деп аталады. Жүргізуші – журналист Бақыт Жағыпар.

      Журналист Жанар Оразымбетованың «Сәуле ғұмыр» атты мәдени-танымдық хабарының мақсаты – өшпес із, мол мұра қалдырған тұлғалар өмірінің сәулелі сәттерін тілге тиек ете отырып, бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету. Халқына қадірі асқан біртуар жандар өмірін насихаттап, олардың кісілік пен парасатқа толы өнегелі істерінен ғибрат алуға шақыру.

      Бақыт Жағыпардың «Замана заңғарлары» қоғамдық-танымдық хабары қазақ мемлекетінің дамуына үлкен еңбек сіңірген қайраткерлердің өмір өткелдері жайлы сыр шертуді, азаматтық тұлғасын сомдауды мақсат етеді. Халыққа қалтқысыз қызмет еткен ел ағаларының еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі ету тұрғысында еңбек етуде.

      «Жаңа Қазақстан» радиожурналында Қазақстанның бүгінгі бет-бейнесі, экономика және бизнес саласындағы жеткен жетістіктері, жалпы қоғамдық-әлеуметтік өмір тынысы суреттеледі. Елбасы Жолдауында айтылған мәселелерді жүзеге асыру барысын насихаттауға арналған хабардың жүргізушісі – Толқынай Ахмет.

      Жастарға арналған ойын-сауық хабары «Алматы түні» деп аталады. Бұл хабар батыс мәдениетіне жаппай еліктеуге бел алған қазіргідей кезеңде ұлттық болмысымызды сақтау, салт-дәстүрімізді ұмытпау іспетті мәселеде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар жастардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, тіл байлығын дамыту, жазу мәдениетін көтеру тәрізді мәселелерге өзіндік үлес қосады. Редактор-жүргізушілер – Аман Тасыған, Гүлбаршын Зайыровалар. Хабардың форматы – тікелей эфир.

      Сайлаубай Тойлыбаевтың жүргізуінде өтетін «Қазақ руханияты» әдеби хабарының мақсаты – белгілі ақын-жазушылармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен сұхбаттаса отырып, қазақ әдебиеті пен мәдениетіне қатысты мәселелерді қозғау, сол арқылы қоғамдық санаға ой салу, зиялы қауым өкілдерінің рухани құндылықтарымызды сақтап байыту төңірегіндегі ой-пікірлерін саралау.

      «Шаңырақ шуағы» хабарының мақсаты – ата-баба дәстүрлерін сақтау кейінгі СКАЧАТЬ