Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 17

Название: Телерадиожурналистика

Автор: Клара Қабылғазы

Издательство: КазНУ

Жанр: Культурология

Серия:

isbn: 978-601-04-2164-6

isbn:

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Радиохабарлар пішіндік өзгеріске түсті. Керісінше бір кездері қолданылмай кеткен радиокөпір пішіні пайда болды. Ол алғаш 1986 жылы КСРО мен АҚШ арасында ұйымдастырылды. Мәскеу студенттері мен Оңтүстік Иллинойст университеттері арасында екі сағаттық диалог өткізіліп, жастардың келелі мәселелері сөз болды.

      Радиопублицистика жаңа түрге енді. «Депутат арнасы», «Лик» (литература, искусство, культура) сияқты арнайы арналар ашылып, әдебиет, өнер, мәдениет мәселелеріне көңіл бөліне бастады. Алғашқы коммерциялық радиолар дүниеге келді. 1990 жылы «Эхо Москвы» деп аталатын коммерциялық радио ашылды. 1991 жылы «Россия» радиосының демеушілігімен «Радио России ностальжи» деп аталынатын 1950-70 жылдардың музыкасына негізделген Франциямен бірлескен радиостанция жұмыс істей бастады. Осы жылдың 10 қаңтарында аталмыш радионың эфирге тұңғыш шығуымен қатар, бұқаралық радиожурналистикаға мемлекеттік монополия да тоқтады. Жаңа бағытта дами бастаған радиожурналистиканың өзіндік ерекшеліктері пайда болды. Көп радиолар дербестікке қол жеткізді. Республикалық «Қазақ радиосы» да дербес арнаға айналды. Ақпараттық танымдық хабарларды көптеп бере бастады. Тікелей эфирді меңгеру, алыс-жақын шетелдерге хабар тарату жүйеленді. Мысалы, Германияның Қазақстандағы елшілігінің 10 жылдығына арналған танымдық хабар тікелей эфирден 3 сағат бойы жүргізілді. Германияның географиялық ерекшеліктері, тарихы, әдебиеті, мәдениеті, халқы жайлы тыңдарман көптеген мағлұматтар алды.

      Сонымен қатар Қазақ радиосы дикторлық радиодан журналистік радиоға ауысты, яғни алдын ала жазылып алынатын үнтаспалық материалдардың қатары азайды, журналистік радио алдыңғы қатарға шықты. Дикторлық кәсіп шеттетіліп, әуе кеңістігін комментаторлар, жүргізуші журналистер иеленді. Бұл эфир тазалығын бұзды, радионың эстетикалық тәрбие беру функциясына нұқсан келтірді. Әдеби, мәдени, тарихи, рухани сияқты хабарлар үнтаспаға алдын ала жазылған сәтте оның көркемдік ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінетін. Арнайы бөлінген хабар режиссері хабарды тыңдап отырған тыңдарман мағлұматпен қоса эстетикалық ләззат та алуына жол салатын. Сондықтан диктор қызметін мүлдем алып тастамай, көркем хабарларға пайдалану қажеттілігі өмір талабынан қайтадан туындап отыр. Қоғамның рухани өмірі үшін көркем хабарлардың алатын орны ерекше екендігі аян.

      Бағдарлама ауқымдылығы арта түсті, өмірдің қай саласына болмасын радиожурналистердің қалам тартуы өздігінен туындап, қоғамның алуан салалы құбылыстары сөз болып, сан түрлі бағдарламаларга жол ашылды. Журналистік ой-қиялға шек қою жойылған соң, авторлық бағдарламалар көптеп пайда болды. Мысалы, «Бағзыдан жеткен сөз», «Адамның кейбір кездері», «Сырлы әлем», «Адам, ғұмыр, қолтаңба», «Бүгінгі сұхбат», «Жан сарайы», «Денсаулық» сияқты т.б. көптеген хабарлар өз тұрақты тыңдармандарын тауып алған хабарлар болатын.

      Сараптамалық бағдарламалардың кейбір тәсілдері игерілді. Апталық авторлық бағдарламаларға СКАЧАТЬ