Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 18

Название: Телерадиожурналистика

Автор: Клара Қабылғазы

Издательство: КазНУ

Жанр: Культурология

Серия:

isbn: 978-601-04-2164-6

isbn:

СКАЧАТЬ ұйымдастыру етек алды. Кейде танымдық, музыкалық, көңіл көтерушілік бағытта болып, тақырыптық жағынан өзгеріп отырады. Тіпті арнаның хабар тарататын уақыты кей кездері бос, мағынасыз, мәнсіз, тағылымсыз сөздермен де толтырылып жатады. Әсіресе орыс тіліндегі жастар хабарларының парықсыздығы тыңдарман қауымды қынжылтып жүргені шындық.

      Тәулік бойы хабар тарататын Қазақ радиосының сеткасында көрсетілген, тікелей эфирден шығарылатын әдеби- музыкалық бағдарлама түнгі 12 сағат 05 минуттан «Түнгі толқын» [21] деген айдармен беріледі де 01 сағат 35 минутқа дейін созылады. Ал «Шалқар» арнасында 23 сағат 05 минуттан 23.55-ке дейін «Жұлдызды түн» [22] хабары жүргізіледі. Әрине, қазақ тіліндегі хабарлар ұлттық болмысқа сай жүргізілуі тиіс. Өйткені жергілікті ұлт менталитеті өз тыныс-тіршілігінен, әдебиетінен, мәдениетінен, салт-дәстүрінен сезіліп тұруы тиіс. Әр елдің соны әйгілейтін, дәріптейтін арнасы болады. Сол үдеден көріне білген бұқаралық ақпарат құралдары ғана уақыт керуеніне ілесе алмақ. Тәуелсіз Қазақстанның радиостанциялары мемлекеттің тұғыры таймауы жолында, халықтардың достығы шайқалмауы мақсатында, ел ахуалын жақсартуға атсалысуда, бейбіт өмір сүру мәселесінде өз биігінен көріне алуда. Оған дәлел – тағылым-тәрбие аларлық, рухани нәр берер, болашаққа жарқын жол көрсетер тәулік бойы берілетін хабарлары. Қазақ халқы рухы биік, жаны таза, ер көңілді, жалын намысты, адами қасиеттері жоғары болғандықтан өзінің шығыстық әдебін, ар-ұятын ту ете отырып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруда. Міне, осы ретте электронды бұқаралық ақпарат құралдарының қосып отырған үлесі зор екендігіне көз жеткізуге болады. Бөгде мәдениет, оғаш дәстүрлер, тәлімі жоқ әдебиеттен бойды аулақтатып, ұлттық болмыспен өмір сүруге ұрпақты бағыттаужаңа қоғамның міндет-мұраты болмақ.

      Тәуелсіз мемлекет радиосы (2005-2015 жылдар). Қазақ радиосы мемлекет тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде жаңаша бағыт-бағдарда жұмыс істей бастады. Хабарлардың форматы, мазмұны, мағынасы өзгерді. Таспалық хабарлар азайып, тікелей эфирді меңгеру толықтай жүзеге асырылды. «Алтын қор» мұрағаттық материалдары сандық технологияға ауыстырылды. Бұл радио әлемдік радиолардың бай тәжірибелерінен үлгі ала отырып, даму үстінде келе жатыр. Қазақстан Республикасының ақпарат айдынындағы Қазақ радиосының рөлі зор екендігін осы саланы зерттеуші ғалымдар айқындап берді. Осы үрдіс жалғасын табуда. Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын насихаттап, жүйелі түрде ақпараттық қолдау көрсетіп, республиканың мәдени, экономикалық, әлеуметтік, т.б. салаларда алға басуына лайықты көмек көрсетіп келе жатқан ақпарат құралдары.

      Қазақ радиосы бағдарламалары негізінен қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілдерінде жүргізіледі. Атап айтқанда, түрік, неміс, татар, корей, ұйғыр, әзірбайжан халықтарының өз тілдерінде бағдарламалар жүргізуіне мүмкіндіктер жасалған. Ел халқының 88,74 пайызы СКАЧАТЬ