Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 24

Название: Телерадиожурналистика

Автор: Клара Қабылғазы

Издательство: КазНУ

Жанр: Культурология

Серия:

isbn: 978-601-04-2164-6

isbn:

СКАЧАТЬ тасқа соғылған дыбысын жақсы ести алады. Дыбыс туралы екі ұғым бар: бірі –қоршаған ортада, ауада, суда, т.б. жағдайда жан-жаққа бірқалыпты толқын тәріздес тарайтын тербелістен туатын физикалық құбылыс. Ал екіншісі – есту органдарына дыбыс толқындары арқылы пайда болатын ерекше сезім. Дыбыс табиғатының осындай екіжақты қасиетіне байланысты музыкалық немесе музыкалық емес, естілетін яки естілмейтін, тіпті көрінетін не болмаса көрінбейтін дыбыс деп бөле қарауға болады. Дыбыстың туу табиғаты, таралу жолдары, белгілі бір дененің тербеліс қозғалысына келуінен дыбыс туатындығы және оның толқын түрінде тарайтыны тәжірибеде дәлелденген. Сондықтан да дыбыс толқыны кезкелген толқын сияқты тербеліс амплитудасын (ауқымын), жиілігін(белгілі бір уақыт ішінде тарап үлгеретін толқын санына негізделген) сақтайды. Айналаны қоршаған ауқымдағы, әртүрлі толқындағы дыбыстардың ішінен адам құлағы 16 гц-тен 20 кгц-ке дейінгі жиіліктегі дыбыстарды ести алады. Адамның есту қабілетінен төмен жатқан немесе 16 гц төмен болатын дыбыстар инфрадыбыс деп, ал 20 гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды. Адамға естілмейтін дыбыстарды кейбір жануарлар (жарғанат, дельфин, т.б.) ести алады. Мысалы, мұхитта апатқа ұшыраған кемедегі адамдарға дельфиндер көмекке келген, сонда алдымен аяғы ауыр әйелге көмектесуі инфрадыбыстардың әсерінен болғаны анық. Аталып өткен екі дыбыс та өндірісте, медицинада, қорғаныс ісінде қолданылады. 20-дан 20 мың гц-ке дейінгі дыбыстың кез келген түрін қазіргі дыбыс жазу аппараттары қайталай алады.

      Халықаралық комитет радиотолқындарды бірнеше диапазонға бөліп, жіктеген. Алғашқы диапазон – 3 гц-тен 30 гц аралығы немесе толқынның ұзындығы 100 мыңнан 10 мың шақырымға жетеді. Шеткі төменгі жиілік немесе декаметрлік толқын деп аталады. Ол тек ғылыми зерттеулер мен астрономияда ғана қолданылады. Екінші диапазон – шамадан тыс төмен жиілік, 30 бен 300 гц аралығы. 10 мыңнан бір шақырымға жетеді. Мегометр деп аталынады. Онымен су астындағы қайықтармен морзе әліппесі арқылы байланыса алады. Үшінші диапазон – инфратөмен 300 гц-тен 3000 гц-ке дейін, яғни 1000 мен 100 шақырым аралығы. Төртінші диапазон – өте төменгі жиілік 3-тен 30 кгц-ті метрлік деп атайды. Бұл жиілікте жұмыс істеу үшін үлкен антенна, жоғары қуаттылық қажет және ауа райы бірқалыпты болу керек. Сонымен қатар толқындар ұзын, орта, қысқа толқынға бөлінеді. Ұзын толқында радионың бірінші арнасы бойынша берілетін хабарлар және жергілікті радиостанциялардың хабарлары таратылады. Орта толқындар «SOS» беруге, шұғыл шараларды хабарлауға қолданылады. Кейбір жиіліктерде түрлі жергілікті радиостанциялардың жұмыс істеуіне рұқсат етілген. Қысқа толқындар арқылы жер шарының кез келген нүктелерімен байланыс жасауға болады. Әуе кеңістігінде ұшақтарды ұшыру, қондыру сәттерінде де осы жиілік пайдаланылады. Соңғы диапазонға ультрақысқа толқындар кіреді. Бұған бүкіл радиотолқындар жатады. Қысқа толқындарда негізінен көп каналды байланыс орнатылып, телефон, радио, теледидар арқылы кең көлемде СКАЧАТЬ