Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 16

Название: Телерадиожурналистика

Автор: Клара Қабылғазы

Издательство: КазНУ

Жанр: Культурология

Серия:

isbn: 978-601-04-2164-6

isbn:

СКАЧАТЬ радиоға қатысты республикаларда 162 комитет құрылды, оның ішінде 14 одақтас республикалық, 20 автономиялық, 6 өлкелік, 109 облыстық және округтік комитеттер құрылды. Мұның бәрі радио жұмысын жандандырып, дамыта түсу үшін атқарылған шаралар болатын.

      Мемлекеттік идеологияның ықпалы тек қана жақсы жақтарынан көрінбеді. Соғыстан кейінгі жылдары антиинтеллектуалды саясат етек алды. Ғылым, мәдениет, білім, әдебиет, т.б. қоғамдық салалар социалистік және буржуазиялық болып бөлінді. Идеологияға «қарсы» шығарма жазған жазушыларға, ән жазған композиторларға, т.б. қарсы істер қозғалды. Ресейде Анна Ахматова, Сергей Эйзенштейн, Михаил Зощенко, Михаил Булгаков сынды азаматтар шығармаларын сынау басталды, жала жабылды, үй тұтқынында ұсталды. Сөйтіп, басқа елдермен араға темір қақпа орнатылды. Социализм болашағынан басқа ешнәрсені ойлауға да мүмкіндік берілмеді. Қазақ зиялылары да осы науқаннан тыс қалмады. Көптеген жазушылар, ғалымдар, тарихшылар, тіпті заманның ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовке дейін қудаланды. «Ресейдегі әріптес жолдастары алып қалмағанда халық, бүтіндей ұлт өкілдері жауапты болар ма еді, тарихшы Е. Бекмахановтың тағдырын кешер ме еді?» деген сүреңсіз сұрақтар тарихтың қойнауында қалды. Руханиятқа қарсы зобалаңның, зиялыларды, ойшылдарды қудалаудың небір қитұрқы түрін көрген халықтың еңсесі езілді. Оның соңғысы 1986 жылғы тәуелсіздік жолындағы көтеріліс болып саналады.

      1970 жылы Бүкілодақтық радиоға Лапин деген азамат төрағалық қызметке келген. Ол соғысқа дейін сонда қызмет істеген. Үкімет қаулы-қарарларын, бұйрықтарын қалтқысыз орындайтын адам ретінде санада қалған. Радиожурналистердің жасаған хабарларын қаралау, кез келген жерден кінә тауып, айыптау сияқты жайлар осы басшының тұсында орын алды. «Жолсапарға кеткен журналист қайтып келгенінде оның жұмыстан қуылғаны жайлы құжат дайын тұратын еді» деп еске алады ардагер-радиожурналистер естеліктерінде. Олардың кез келген сөзінен үкіметке қарсы қателік табатын. Сонымен, тағы да қара тізім жасалып, өзіндік репрессия басталған. Журналистер бойын жалтақтық, сенімсіздік белгілері дендеді. Осы кездері бірін-бірі қайталайтын айдарлар көбейді. Тыңдармандар аудиториясы жоғала бастады. Нақты өмір бүркемеленіп, «біздің кеңестік өмір осындай» деген идеология үстемдік етті. Орыс ақыны К. Чуковский: «Радио – опиум для народа», – деп жазды. 1970 жылы осы басшының нұсқауымен «Алтын қорды тазарту» жұмыстары жүргізілді. Солақай басшының кесірінен қаншама қымбат дауыстар, материалдар өшірілді. Осылайша Бүкілодақтық радио жаңа кезеңге көшті. Ал Қазақ радиосының «Алтын қоры» ондай жадағай саясаттың құрбаны болып үлгерген жоқ. XX ғасырдың 50-жылдарында Қазақ радиосының материалдық-техникалық базасы үкімет қамқорлығына алынып, жаңа аппаратуралармен толығып, құрал-жабдықтар бөлінді. Сирек дауыстар жазылған хабарлар, концерттер, әдеби-музыкалық радиокомпозициялар, радиопьесалар сол тұстары пайдалануға берілген магнитті үнтаспаларға жазылып, ең таңдаулы деген туындылар «Алтын қорға» СКАЧАТЬ