Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 11

Название: Телерадиожурналистика

Автор: Клара Қабылғазы

Издательство: КазНУ

Жанр: Культурология

Серия:

isbn: 978-601-04-2164-6

isbn:

СКАЧАТЬ көптеген ардагер-радиожурналистер ұлттық радионың дамуына атсалысты. Есімдері аталған адамдар сол тұстағы қоғамдық өзгерістерге араласып жүрген қайраткерлер болатын. Осы кездері алғашқы радиоүндесулер өткізіліп, радиоочерктер беріле бастады. Радиодраматургия дүниеге келді, радиоуниверситеттер ашылып, ғаламның сан-салаларын қамтыған хабарлар әуе толқынына тарады.

      1928 жылдың 7 қарашасында алғашқы радиоүндесу (Мәскеу, Ленинград, Минск, Баку, Тбилиси қалалары арасында) өткізіліп, әрі қарай кең қолдау тауып, таралып кетті. Іле-шала радиофильм пайда болды. Магниттік дыбыс жазу деректі радиоочерк сияқты жанрды ғана тудырмады, деректі-ойындық хабарлардан бастау алған радиодраматургия да өмірге келді. Жұмысшылардың және шаруалардың радиоуниверситеті 1928 жылы ашылды. Бұл университет халыққа тілден, математикадан, қоғамтанудан, әкімшілік-шаруашылық істерді жүргізудің әдіс-тәсілдерінен, т.б. көптеген саладан тиянақты білім беріп, сауатсыздықты жоюға атсалысты. Радионың маңызы күннен-күнге арта түсті. Ол туралы Мәскеу қалалық және облыстық коммунистік партияларының жетекшісі Н.С. Хрущев 1930 жылдардың ортасында былай деп жазды: «Микрофон – бұл үлкен күш және билік. Бұл құралдың адамдарға етер әсері орасан. Оны белсенді пайдалану керек, алайда ақылмен пайдалану керек». Бұл пікірді бұдан бұрынырақта айтқан, радио жайлы екі жүзден астам хаттар жариялаған, социалистік қоғамның көсемі В.И. Ленин: «Москвада оқылатын газетті бүкіл Россия тыңдайтын болады», – деп жазды.

      Ал бұл шаралардың жүзеге асуына Ресей телеграф агенттігінің әсері үлкен болды. Үстемдік құрушы мемлекет идеологиясының құрсауында болған Қазақ радиосы да қоғамдық өзгерістерге үн қоса алды, өзіндік сипатын сақтай алды. Қаншалықты тоталитарлық мемлекет дәрежесінде болғанымен де Ресей республикалардың ұлттық ерекшеліктерін дамытуға рұқсат бере отырып, үстемелеп өздерінің мақсаттарын орындап, көздеген межелеріне жетуге күш салды.

      1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кеңестік радио. Ұлы Отан соғысының басталуымен көптеген хабар таратушы радиостанцияларды батыстан шығысқа қарай эвакуациялау міндеті жүктелді. Бұл шараның әсерінен радиостанциялар жұмысы қысқа толқынға және үш арнадан бір арналық хабарға көшті.

      «Соңғы хабардың» ең алғашқы әскери саны неміс фашистерінің Ресейге шабуылы жөнінде үкімет хабарламасынан кейін 45 минуттан соң эфирге шықты. Осындай жедел ақпарат тарата білген ресейлік радиостанциялар 1943 жылы соғысқа дейінгі дәрежесінен асып түскен. Осы алғашқы ақпараттан бастап соғыс аяқталғанға дейін «Совинформбюроның» 7 мың корреспонденциясы берілген. 1941 жылдың 7 қарашасында жау Мәскеудің түбінде тұрғанда Ұлы Қазан мерекесіне арналған шерудің өткізілуі жайында репортаждың радиодан берілгені ел қорғаушыларының қайратын қамшылап, рухын көтеріп, жаңа ерліктерге бастағаны тарихтан мәлім. Демек, радиоэфирдің қуатты күші, мықты әсері, жүргізер тәрбиесінің ықпалдылығын СКАЧАТЬ