Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 30

СКАЧАТЬ ресми сапармен Украина Президенті В. Ющенко келді.

      6 маусым. Мемлекет басшысы Қазақстанға жеке сапармен келген Әбу-Даби Тақ мұрагері шейх Мухаммед бен Заид Әл-Нахаянды қабылдады.

      21 маусым. Мәскеуде ҚР Президентінің қатысуымен ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттер басшыларының мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтті.

      3 шілде. Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао келді. Қонақты мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қабылдады.

      5 шілде. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің 10-отырысы өтті. Отырыс барысында Пәкістанға, Иранға және Үндістанға ШЫҰ жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді.

      27 қыркүйек. Душанбеде «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына қатысушы мемлекеттер премьер-министрлері кеңесінің бірінші отырысы өтті.

      2-4 қазан. ҚР Президенті Грузияға ресми сапармен келді. Сапар барысында ол Грузия Президенті М. Саакашвилимен және Грузия Парламенті төрайымы Н. Бурджанадземен кездесті.

      6 қазан. Санкт-Петербургте «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына қатысушы мемлекеттер басшыларының саммитінде бұл ұйымның ЕурАзЭҚ-мен бірігуі туралы шешім қабылданды. Іс-шараға ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты.

      13 қазан. Астанаға Қырғыз Республикасының премьер-министрі Ф. Кулов жұмыс сапарымен келді. Ол ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевпен, премьер-министрі Д. Ахметовпен, Парламент Сенатының төрағасы Н. Әбіқаевпен кездесті.

      17-18 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Украинаға ресми сапармен аттанды. Сапар барысында ол Украина Президенті В. Ющенкомен кездесті.

      2-4 желтоқсан. Қазақстан және Ресей Президенттері Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы шартты бекітуге сәйкес заңдарға қол қойды.

      2006 жыл

      25 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекетаралық кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты. Отырыстың негізгі нәтижесі – Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қосылуы туралы құжаттарға қол қою. Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық қауымдыстықтың экономикалық комиссиясын құруды ұсынды.

      25 қаңтар. Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекетаралық кеңесіне қатысу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В. Путин атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамыту туралы бірлескен мәлімдемені қабылдады. Сонымен бірге мемлекет басшылары 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Су асты қорын пайдалануға дербес құқықтарды орындау мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлу туралы келісімнің 2002 жылғы 13 мамырдағы хаттамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

      20 наурыз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды. ҚР СКАЧАТЬ