Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 29

СКАЧАТЬ Бас директоры Супачай Паничпакдиді қабылдады.

      1-5 қыркүйек. Испания Королі I Хуан Карлос Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

      8-10 қыркүйек. Чех Республикасының Президенті Вацлав Клаус Қазақстанға ресми сапармен келді.

      9-11 қыркүйек. ҚР Президентінің Австрия Республикасына ресми сапары болды.

      15 қыркүйек. Біртұтас Экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы болды.

      16 қыркүйек. Мемлекет басшысы ТМД елдері басшыларының саммитіне қатысты.

      19-20 қыркүйек. Корея Республикасының Президенті Но Му Хен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

      24-25 қыркүйек. ҚР Президенті ҚХР-дың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапарымен барды.

      7-9 қазан. Латвия Республикасының Президенті Вайра Вике-Фрейберг Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

      8 қазан. Президент Н.Ә. Назарбаев Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Фрадковпен кездесті.

      17-18 қазан. Душанбеде ҚР Президентінің қатысуымен «Орталық Азия Ынтымақтастық» ұйымына мүше мемелекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті.

      19 қазан. Елбасы НАТО Бас хатшысы Яаап де Хооп Схефферді қабылдады.

      5-26 қазан. ҚР Президенті Швеция корольдігінде ресми сапармен болды.

      1 қараша. Елбасы Азия Даму банкінің Президенті Тадао Чинноны қабылдады.

      2005 жыл

      12 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыда Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Президенті В. Путинмен кездесті.

      17-18 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ресейге ресми сапары шегінде Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы шартына қол қойылды.

      27 қаңтар. Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Контртеррористік комитетінің 4-арнайы отырысы өтті.

      24 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының атқарушы хатшысы Чжан Дэгуанды қабылдады.

      24 ақпан. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев ҚХР Сыртқы істер министрі Ли Чжаосинмен кездесті.

      25 ақпан. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті.

      10 наурыз. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев НАТО Бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ бойынша арнайы өкілі Р. Симмонсонмен кездесті.

      11 наурыз. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев НАТО парламенттік Ассамблеясының делегациясын қабылдады.

      15 наурыз. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев Женевада өткен БҰҰ адам құқығы жөніндегі комиссиясының 61-сессиясының жұмысына қатысты.

      17 наурыз. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев БҰҰ бөлімшесі басшылығының шақыруымен Женевада өткен Қарусыздандыру конференциясына қатысты.

      18 наурыз. Минскіде өткен ТМД мүше мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев қатысты. Отырыс барысында ТМД органдарын СКАЧАТЬ