Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 27

СКАЧАТЬ мамыр. ҚР Президенті ресми сапармен Польшаға барды. Н.Ә. Назарбаев Польша Президенті А. Квасневскиймен кездесті. Сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

      4 маусым. Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммитінің ашылуы болды.

      3 қыркүйек. ҚР Президенті Оңтүстік Африка Республикасында өткен тұрақты даму бойынша БҰҰ саммитінің жұмысына қатысты.

      9 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстан Президенті И. Кәрімовті қабылдады.

      23 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словенияның Президенті М. Кучанды қабылдады.

      5-6 қазан. Орталық-Азиялық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшыларының төртінші кездесуіне және Аралды құтқару халықаралық қорының отырысына қатысты.

      17 қазан. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы К. Аннанмен кездесті. Аталған оқиға елдің саяси өмірінің көрнекті оқиғасы және Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы дамуының маңызды кезеңі болды.

      27 қараша. ҚР Президентінің нидерланд корольдігіне ресми сапары болды. Н.Ә. Назарбаев Королева Беатрикс және премьер-министр Я. Петермен кездесті.

      29 қараша. Брюссельде ҚР Президентінің Еурокомиссия Президенті Р. Продимен және ортақ сыртқы саясат пен қорғаныс саясатының мәселелері бойынша ЕО-ның Жоғарғы төрағасы Х. Соланамен кездесулері болды.

      23 желтоқсан. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары болды. Келіссөздер нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев пен Цзян Цзэминь бірқатар екіжақты құжаттарға, оның ішінде Қытай мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

      27 желтоқсан. Астанада «Орталық Азия Ынтымақтастық» ұйымының қатысушы мемлекеттері басшыларының төртінші кездесуі болды.

      2003 жыл

      20 қаңтар. ҚР Президенті ресми сапармен Швейцария Конфедерациясына келді. Швейцария Конфедерациясының Федералды Президенті П. Кушпенмен кездесіп, екіжақты мәселелер талқыланды.

      23 қаңтар. Н.Ә. Назарбаев Давостағы 33-дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты.

      4 ақпан. ҚР Президенті ресми сапармен Италия Республикасына барды. Н.Ә. Назарбаев Италия Президенті Карло Адзелио Чампи және Италия Министрлер кеңесінің төрағасы С. Берлусконимен келіссөздер өткізді.

      6 ақпан. Ватиканда ҚР Президенті Папа II Иоанн Павел кездесті. Аудиенция барысында екі жақ бүкіл дүниежүзілік діндер мен конфессиялар басшылары құрылтайының шақырылуы айтылды.

      22-23 ақпан. Н.Ә. Назарбаев Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украинаның төртжақты кездесуіне қатысты.

      14 наурыз. Н.Ә. Назарбаев ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Г. Рапотамен кездесті.

      23 сәуір. ҚР Президенті Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Хатшысы Франческо Франжиалиді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен СКАЧАТЬ