Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 28

СКАЧАТЬ маусым. ҚР Президентінің Францияға қысқа мерзімді жұмыс сапары болды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Президент Ж. Ширакпен келіссөздері болды.

      5 шілде. Алматыда орталықазиялық Ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті.

      9 қыркүйек. Қазақстанға ресми сапармен Румыния Президенті Ион Илиеску келді.

      23 қыркүйек. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші құрылтайының ашылу салтанаты болды.

      24 қазан. Алматыда Н.Ә. Назарбаев Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының директоры Йонг Вук Лимен кездесті.

      6 қараша. ҚР Президентінің Сингапурге мемлекеттік сапары болды. Оның барысында Сингапур Президенті Селлапан Рама Натан және премьер-министр Го Чок Тонгпен кездесулері орын алды.

      11-12 қараша. ҚР Президентінің Филиппинге мемлекеттік сапары болды.

      13 қараша. Н.Ә. Назарбаев Кореяға ресми сапарының шеңберінде осы елдің Президенті Но Му Хенмен кездесті.

      8 желтоқсан. Н.Ә. Назарбаев екі күндік ресми сапармен Пәкістан Ислам Республикасына барды.

      22 желтоқсан. Н.Ә. Назарбаев Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хурал төрағасы Санжбэгз Томор-Очир бастаған делегацияны қабылдады.

      25 желтоқсан. Астанада Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қырғыз Республикасы Президенті А. Ақаевпен келіссөздері болды.

      2004 жыл

      9-10 қаңтар. Қазақстанға ресми сапармен Ресей Федерациясының Президенті В. Путин келді. Сапар барысында Қазақстандағы Ресей жылының салтанатты ашылуы болды.

      8-22 қаңтар. Н.Ә. Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапары болды.

      28 қаңтар. Мемлекет басшысы астаналық резиденциясында Испания корольдігінің ғылым және жаңа технологиялар министрі Хуан Коста Климетті қабылдады.

      30 қаңтар. Елбасы Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген Чех Республикасының вице премьері – Сыртқы істер министрі Цыил Свободаны қабылдады.

      5 ақпан. Президент Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің басшысы Джек Строны қабылдады.

      10 ақпан. ҚР Президенті Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысын қабылдады.

      13 ақпан. ҚР Президенті Франция сенаторы Эмери Монтескьюді қабылдады.

      1-2 наурыз. Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға ресми сапармен келді.

      2-5 наурыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Сауд Арабия корольдігіне ресми сапары болды.

      6 сәуір. Президент Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы – Болгария Республикасының Сыртқы істер министрі Соломон Пассимен кездесті.

      15-16 сәуір. Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзай Қазақстанға ресми сапармен келді.

      17-19 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары болды.

      20 сәуір. ҚР СКАЧАТЬ