Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 26

СКАЧАТЬ ҚР Президенті ресми сапармен Хорватия Республикасына барды. Сапар барысында Н.Ә. Назарбаев Хорватия Президенті С. Месичпен кездесті.

      24 шілде. ҚР Президенті ресми сапармен Қырғыз Республикасына барды. Сапар барысында екі мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

      2 тамыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Сочиде өткен ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

      5 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға жеке сапармен келген Испания Королі І Хуан Карлосты қабылдады.

      11 қыркүйек. АҚШ-та лаңкестік актілер орын алды. Қазақстан ғаламдық қауіпсіздікке атсалысу үшін Ирактағы халықаралық коалиция күштеріне қосылды. Америкалық тараптың сұрауы бойынша Иракқа инженерлік-саперлік бөлімше жіберілді.

      14 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Чжу Жунцзимен кездесті.

      13-14 қыркүйек. Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер үкіметтері басшыларының отырысы өтті.

      14 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Ресейдің үкімет төрағасы М. Касьяновпен кездесті. Кездесу барысында Каспий мұнайқұбыры консорциумы жобасын бастау және Каспий теңізінің шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөз үрдісі туралы сөз қозғалды.

      22-25 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шақыруымен Рим Папасы ІІ Иоанн Павел мемлекеттік сапармен келді.

      26 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Украина Президенті Л. Кучмамен кездесті.

      26 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев АҚШ Президенті Дж. Бушпен телефон арқылы сұхбаттасты.

      1 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Германия Федеративтік Республикасына келді.

      4 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Түркияға барды.

      14 қараша. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словакия Республикасының Президенті Р. Шустермен кездесті.

      16 қараша. Өзбекстан Президенті И. Кәрімовтің Қазақстанға ресми сапары кезінде Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы келісімшартқа қол қойды.

      29 қараша. Қазақстан мен Әзірбайжан арасында Каспий теңізінің бөлу туралы келісімшартқа қол қойылды.

      17 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапарымен Испанияға аттанды.

      18-21 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Екі мемлекет басшысы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті нығайту туралы мәлімдемеге қол қойды.

      22 желтоқсан. Н.Ә. Назарбаев Лондонға сапар шекті. Сапар барысында ол көптеген мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен, соның ішінде Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі М. Тэтчермен кездесті.

      2002 жыл

      22 қаңтар. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Бас хатшысы Г. Рапотамен кездесуі барысында ЕурАзЭҚ СКАЧАТЬ