Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 11

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      1995 жыл

      1-3 қаңтар. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Бразилия Республикасына жаңа Президент Ф. Кардосоның инагурациясына қатысу үшін ресми сапары болды. Сапар барысында министр Бразилия Президентімен кездесіп, оған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке жолдамасын табыстады.

      1 қаңтар. Қ. Тоқаев Аргентина Республикасының Президенті К. Меномен Бразилия астанасында кездесті. Кездесу кезінде оған Н.Ә. Назарбаевтың жеке жолдауы табысталды.

      1 қаңтар. Қ. Тоқаев Аргентина Республикасының Сыртқы істер министрі Г. Марио де Телламен кездесті.

      2 қаңтар. Қ. Тоқаев Чили Республикасының Сыртқы істер министрі Х. Инсульзамен кездесті.

      4-6 қаңтар. ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Кубаға ресми сапары. Министр Мемлекеттік кеңестің төрағасы Ф. Кастромен, Сыртқы істер министрімен, Министрлер кабинетінің төраға орынбасарымен, Куба Ұлттық ассамблеясының төрағасымен кездесті.

      12 қаңтар. Парижде экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық қазақстандық-француздық жұмысшы тобының үшінші отырысы.

      20 қаңтар. Мәскеуде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен РФ Президенті Б.Н. Ельциннің арасында келіссөздер өтті. Келіссөздерден кейін Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы декларацияға, Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан Ресей Федерациясы азаматтарының және Ресей Федерациясында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімге, сонымен қатар Ресейге тұрақты тұру үшін көшіп барған Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп барған Ресей Федерациясы азаматтарының азаматтық алу тәртібін жеңілдету туралы ҚР және РФ арасындағы келісімге қол қойылды. Барлығы 16 құжатқа қол қойылды.

      23-24 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Брюссельге сапар шекті. Сапар барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында Серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Брюссельде Президент Н.Ә. Назарбаев НАТО-ның Бас хатшысы В. Класспен кездесті.

      24 қаңтар. Қазақстан Республикасының Бенилюкс елдеріндегі елшілігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

      25-26 қаңтар. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың АҚШ-қа бірінші ресми сапары болды. Ол Вашингтонда АҚШ вице перзиденті А. Гормен, Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Э. Лейкпен, Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Тарнофф, Қорғаныс министрі У. Перримен, Энергетика министрі О. Лиримен, АҚШ-тың ЖТМ жөніндегі саясатының аға үйлестірушісі Дж. Коллинзбен, ЮСИА директоры Дж. Даффимен, ЮСАИД басшысының орынбасары К. Ланкастермен кездесті. Сонымен қатар конгрестегі республикалық көпшілік өкілдерімен – сенаторлар М. Мак Конел және Р. Лугармен, ОПИК Президенті Р. Харкинмен кездесті.

      27-31 қаңтар. Президент Н.Ә. Назарбаев Давостағы (Швейцария) Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты. Мемлекет басшысы жиналғандардың назарына республикадағы мұнай кен орындарын СКАЧАТЬ