Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 7

СКАЧАТЬ мамыр. Ел басшысы Өзбекстанға сапар шекті. Н.Ә. Назарбаев және И. Кәрімов арасында экономика мен мәдени салаларда ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

      1 маусым. Ел басшысы Алматыға қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Грузия Президенті Э. Шеварднадзені қабылдады.

      5-7 маусым. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Ыстанбұлда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) қатысушы мемлекеттер басшыларының екінші кездесуіне қатысты.

      20-23 шілде. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Тайланд корольдігіне ресми сапары болды. Н.Ә. Назарбаев Тайланд корольдігінің премьер-министрі Чуан Ликпаямен және Тайланд королі Пумипон Адульядетпен (ІХ Рама) кездесті.

      28 шілде. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Өзбек-стан Президенті И. Кәрімовпен кездесті.

      30 шілде. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға ресми сапармен келген Болгария Президенті Желю Желевамен келіссөздер өткізді.

      19 тамыз. Қазақстан Республикасы мен Чили Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

      16-17 қыркүйек. Алматыға ресми сапармен Франция Президенті Франсуа Миттеран келді. Келіссөз барысында Н.Ә. Назарбаев және Ф. Миттеран саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми және басқа да салаларда екіжақты ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту ниеттерін білдірді.

      22 қыркүйек. Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты.

      24 қыркүйек. ТМД-ның Экономикалық одағын құру туралы шартқа қол қойылды.

      18-20 қазан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қытайға ресми сапары барысында ҚХР төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесті. Келіссөздердің нәтижесінен ҚР және ҚХР арасындағы достық қарым-қатынас негіздері туралы бірлескен декларацияға, әуе қатынастары туралы, тұрғындарға визаларды рәсімдеу тәртіптері туралы, халықаралық автокөлік қатынастары туралы, қызмет бабымен азаматтардың сапарлары туралы келісімдерге қол қойылды.

      21-22 қазан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Моңғолияға ресми сапары болды. Келіссөз барысында Н.Ә. Назарбаев моңғолдық әріптесі Пунсалмаагийн Очирбатамен кездесті.

      24 қазан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Уоррен Кристоферді қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынас және бірқатар халықаралық мәселерге тоқталды.

      13 желтоқсан. Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге қосылды.

      1994 жыл

      10-12 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Өзбекстанға ресми сапармен барды. Екі ел басшысы шекаралардың беріктігін, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шараларды қолдайтынын атап өтті. Мемлекет басшылары СКАЧАТЬ