Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 10

СКАЧАТЬ қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға ресми сапармен келген Литва премьер-министрі А. Шлежявичуспен кездесті. Кездесу барысында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы екі ел үкіметі арасындағы келісімге, Қазақстан мен Литваның Ұлттық банкі арасындағы есептерді ұйымдастыру туралы келісімге, Клайпеда кемежайының қазақстандық жүктерді жеткізу үшін қолдану туралы хаттамаға қол қойылды.

      16 қыркүйек. ҚР-ның Ресейдегі елшілігіне Ресейдің Каспий теңізінің құқықтық жүйесіне қатысты алғашқы ұстанымы көрсетілген Ресей Федерациясы СІМ нотасы табысталды.

      17 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға сапармен келген Украина премьер-министрі В. Масолмен кездесті. 16-18 қыркүйектегі Украина үкіметтік делегациясының жұмыс сапары барысында Еркін сауда жөніндегі келісім, Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды.

      21-25 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Италия Республикасына ресми сапары болды. Сапар барысында Президент Н.Ә. Назарбаев Италия премьер-министрі С. Берлусконимен кездесті.

      25-28 қыркүйек. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Сауд Арабиясына ресми сапармен барды. Н.Ә. Назарбаев Король Фахд Бин Абдель Азизбен, Тақ мұрагері Абдалла бин Абдель Азизбен, Қорғаныс және авиация министрі Принц Султан бин Абдель Азизбен кездесті. Король Н.Ә. Назарбаевтың АӨСШК шақырымы туралы бастамасын қолдады. Сапар барысында Сауда-экономикалық, инвестициялық, техникалық және мәдени салалардағы, сондай-ақ спорт пен жастар ісі жөніндегі салалардағы ынтымақтастық туралы Бас келісімге қол қойылды. Сапар қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике қабылданды.

      30 қыркүйек-3 қазан. ҚР Өнеркәсіп және сауда министрі басшылығымен үкіметтік делегацияның Иран Ислам Республикасына ресми сапары. Иран тарапына Иран кен орындарын бірігіп игеріп, қазақстандық зауыттарда рудаларды өңдеу туралы ұсыныс тасталды. Сапар қорытындысы ретінде Сауда-экономикалық байланыстарды әрі қарай дамыту туралы меморандумға, Кешм (Иран) еркін экономикалық зонасы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

      13 қазан. Экономика министрі Янис Званитайс басшылығымен Латвия делегациясының сапары. Үкіметаралық Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

      16-17 қазан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Түркияға ресми сапар жасады. Екі ел арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

      18-19 қазан. Н.Ә. Назарбаев Ыстанбұл қаласында өткен түркітілдес елдердің екінші саммитіне қатысты. Саммит нәтижесі бойынша Ыстанбұл декларациясы қабылданды. Босния мен Герцеговина, Кипр мәселелері бойынша пікір алмасуы болды.

      21 қазан. Мәскеуде ТМД барлық мүше-елдері қатысқан Қауымдастық елдері басшылары кеңесінің отырысы өтті. ТМД мүше-елдерінің Төлем одағы мен экономикалық одақтың дұрыс қызмет етуі мен тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалуына қажетті төлемнің тиімді СКАЧАТЬ