Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014) - Бақыт Бөжеева страница 15

СКАЧАТЬ Республикасы және Өзбекстан Республикасы үкіметтері арасындағы энергетикалық және су ресурстарын қолдану туралы, Орталықазиялық аймақта газ құбырлары құрылысы мен пайдалану туралы келісімдерге қол қойылды.

      16 сәуір. Софияда ҚР мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімге («Ақтау» портын қайта құру жобасы) қол қойылды.

      26 сәуір. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қытайға ресми сапармен барды. Қазақстан, Қырғыз Республикасы, ҚХР, Ресей және Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери салалада сенімділікті нығайту туралы келісімге (Шанхайлық келісім) қол қойды.

      27 сәуір. Алматыда Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Президенттері Каспий бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Құжатта Каспийдегі мұнайгаз кен орындарын игеру құқығы Қазақстанға берілген, ал Ресей бұл салада барынша жәрдемдеседі деп белгіленген.

      30 сәуір. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы СІМ кеңесі өз үкіметтері атынан ҚР, ҚР және ӨР-ның БҰҰ резервті күштері туралы келісімдерге қосылуы туралы БҰҰ-ға нота жіберді.

      6 мамыр. Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан мемлекет басшылары кездесті. Кездесу барысында бейбітшілік батальонын құру бойынша және «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберіндегі дайындық шаралары мәселелері қарастырылды.

      11 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды. Президенттер Каспий теңізі бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады. Ол бойынша теңіз бен оның ресурстары жағалауындағы мемлекеттерге тиесілі және осы мемлекеттер ғана оларды пайдалануға құқылы екендігі ескерілді. Екі елдің Мұнай министрлігі басшылары арасында келіссөздер жүргізілді.

      12-18 мамыр. Қазақстанға ЮНЕСКО делегациясы келді. Қазақстан үкіметінің қоршаған ортаға қатысты жаһандық бағдарламаларға ықпалдасуы туралы келісімге қол жеткізді. Арал мен Каспийге көмек концепциясын құрастыруға көңіл бөлінді.

      14 мамыр. Ашхабадта Н.Ә. Назарбаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымы мүше-елдері басшыларының отырысына қатысты.

      17 мамыр. ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы болды. Онда ТМД-ның интеграциялық дамуының 1996-1997 жыл-дардың болашақ жоспары қабылданды.

      25-29 мамыр. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Малайзияға ресми сапар шекті. Сапар барысында Малайзияның Жоғарғы басқарушысы Туанку Джафар Абдул Рахманмен және елдің премьер-министрі Махатхир Мохамадпен кездесті. Сапар қорытындысы бойынша екі ел арасында сауда ынтымақтастығы туралы; инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы, экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.

      29-30 мамыр. Н.Ә. Назарбаевтың Сингапурға ресми сапары. Сапар барысында Сингапур премьер-министрі Г.Ч. Тонгпен және министр Ли Куан Юмен келіссөздер жүргізді. Екі ел арасындағы әуе жолдары туралы келісімге қол қойылды.

      13-15 маусым. СКАЧАТЬ