.
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу - страница 14

Название:

Автор:

Издательство:

Жанр:

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ діни келісім сыйлығын табыстады.

      1 қараша. ҚР, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан СІМ кеңесінің Ташкентте отырысы өтті. Көпжақты ынтымақтастық, орталықазиялық интеграция мәселелері талқыланды.

      14 қараша. Мәскеуде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев РФ Президенті Б. Ельцинмен кездесті. Кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынас және ТМД-дағы интеграциялық үдерістер мәселелерін талқылады.

      15 қараша. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Францияға сапар шекті. Сапар барысында мемлекет басшысы Франция Президенті Ж. Ширакпен және ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ф. Майормен кездесті. Өзара түсіністік және екіжақты ынтымақтастықтың әрі қарай дамуы мен тереңдеуі туралы келісімді дайындау үдерісін жылдамдатуды келісті.

      15 қараша. Н.Ә. Назарбаев ЮНЕСКО Бас Ассамблеясының ХХVІІІ сессиясында Парижде сөз сөйледі.

      20-23 қараша. ҚР премьер-министрі А. Қажыгелдиннің Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігіне ресми сапары.

      22 қараша. Тәжікстан Президенті Э. Рахмонов Қазақстанға ресми сапармен келді. Э. Рахмонов өз елінің жақын арада Кедендік одаққа қосылу ниетін білдірді. Сапар барысында сауда, экономикалық ынтымақтастыққа қатысты үкіметаралық бірқатар құжаттарға қол қойылды.

      4 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы елшілігін ашу туралы» және «Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының өкілдігін ашу туралы» Жарлықтары шықты.

      5 желтоқсан. Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасында сауда туралы келісімге қол қойылды.

      12 желтоқсан. Конакриде (Гвинея) өткен ИКҰ мүше елдер сыртқы істер министрлерінің конференциясында Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына кірді.

      15 желтоқсан. Жамбылда Президенттер Н.Ә. Назарбаевтың, А.А. Ақаевтың, И.А. Кәрімовтің қатысуымен Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс соңында Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан арасында БҰҰ қамқоршылығымен үш елдің бітімгершілік батальонын құру және қалыптастыру туралы келісімге қол қойылды.

      26-27 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Израиль мемлекетіне бірінші ресми сапары болды. Ол Израиль Президенті Э. Вейцманмен, Кнессет төрағасы Ш. Вайспен, премьер-министрі Ш. Переспен, Сыртқы істер министрі Э. Баракпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

      27 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Палестинаға сапар шекті. Сапар барысында Палестина басшысы Я. Арафатпен кездесті.

      1996 жыл

      15-17 қаңтар. ҚР-ға Иран Ислам Республикасының бірінші вице президенті Х. Хабибидің ресми сапары. Сапар барысында инвестицияларды қолдау, сауда-экономикалық мәселелерге қатысты құжаттарға қол қойылды.

      17-18 қаңтар. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Беларусь Республикасына ресми СКАЧАТЬ