Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 18

СКАЧАТЬ әкеп соқтырған олардың әлеуметтік саясатының тиімсіздігінен, сонымен қатар ең қарапайым және қол жетерлік биліктің демократиялық институттарының жоқтығынан болды деп түсінді. Осындай жағдайлардан шығу үшін АҚШ және Батыстың басқа да елдері баяу дамыған елдерге қаржы-экономикалық көмекті кеңейту, олардың экономикасына қатаң бақылау орнатып, саяси бостандықтың және адам құқығының таралуына көмектесу және әлемнің басқа аудандарында еркін сауда мен нарық көмегімен тез экономикалық дамуды қамтамасыз етуі қажет болды. Бір сөзбен айтқанда, Буштың әкімшілігі халықаралық лаңкестікке қарсы күрестің ең тиімді тәсілі ретінде жаһандану үдерісін тездетуді көрді. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің және НАТО-дағы өзінің көптеген басқа да одақтас мүшелерінің де қолдауын ала алмаған Буш әкімшілігі өзіндік әрекеттерге барды. Саддам Хусейн тәртібіне берілген үзілді-кесілді талап мерзімі аяқталғаннан кейін 2003 жылдың 20 наурызында нақтылы іс-қимылдар басталды. Сол күні халқына арналған жолдауында Дж. Буш антиирактық коалицияның (35 мемлекет) әскерлері Иракты қарусыздандыру әрекетіне кірісті деп мәлімдеді. АҚШ басқарған әскери коалицияның күштілігі сонша – алғашқы екі аптадағы әскери қимылдар нәтижесінде Ирактың әскери күштері талқандалды, ал сәуірдің басында Бағдад құлады, Ирактың барлық қалалары мен елді мекендері америкалық әскерлердің бақылауында болды. Ал 1 мамыр күні президент Буш соғыстың жеңіспен аяқталғанын салтанатты түрде хабарлады.

      Бірақ Саддам Хусейн тәртібі құлатылғаннан кейін де Иракта астыртын соғыс тоқталмады, алғашқы 6 ай ішінде 300-ден астам АҚШ және оның одақтастарының әскери қызметкерлері қаза құрбан болды.

      АҚШ-тың Иракқа әскери басып кіруі Батыс елдерінің бірлігін жойды, алауыздық тудырды және америкалық әкімшіліктің әлемдік тәртіптің әділ қағидаттарын ұстанатындығына күмән туғызды. Әскери шапқыншылыққа қарсы шыққан елдер қатарында Франция, Германия, Ресей, Қытай, Үндістан және тағы басқа да мемлекеттер болды. Америкалық басқыншы өкімет Ирак аумағынан жаппай қырып жоятын қару түрін таба алмады және қоршалған аумақта тәртіпті сақтап қала алмады. 2003 жылдың желтоқсанында Саддам Хусейн қамауға алынса да, Ирактағы дүрбелең бәсеңдемеді.

      АҚШ-тың Ирактағы соғысы 48 млрд долларға түссе де, мемлекеттегі тәртіпті қалпына келтіру үшін бұл қаражат жеткіліксіз болды. 2003 жылдың күзінде президент Буш Конгреске Ирактағы саяси жоспарды жүзеге асыру үшін тағы 87 млрд доллар бөлуді талап етті. Ал АҚШ-тың 2004 жылғы әскери бюджеті 368 млрд долларды құрады және бұл жағдай мемлекеттегі қаржылық тұрақсыздыққа алып келді және 2003 жылы 400 млрд долларға өскен мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігіне әкеп соқты.

      Ирактағы соғыс операциясы аяқталғаннан кейін Буш әкімшілігі осы елдегі жағдайды реттеу барысында өзінен жауапкершіліктің бір бөлігін алып тастауға тырысып, біраз күш салды. 2003 жылдың қазанында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иракта БҰҰ-ның басқаруымен көпұлтық күштердің құрылуы туралы шешім қабылдады және де Ирактағы негізгі қаржы СКАЧАТЬ