Мәдени антропология. Әлия Масалимова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Мәдени антропология - Әлия Масалимова страница 12

Название: Мәдени антропология

Автор: Әлия Масалимова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-247-244-8

isbn:

СКАЧАТЬ жағдайды болдырмау және алдын алуда үлкен роль атқарады.

      Дәстүрлер ақпараттарды жеткізудің ерекше жолы бола отырып, уақыт өте келе іс-әрекет, моральдік баға және эмоция салаларындағы стереотиптерге айналады, сонымен қатар белгілі бір топ, этнос, өркениет аясында қоғамдық-психологиялық қауымдастықты қалыптастырады.

      Бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.

      1. Қоғамдағы мәдениеттің қызметтері?

      2. Қоғамдағы жады дегеніміз не?

      3. Ұжымдық жады түсінігі қандай мағынаны білдіреді?

      4. «Ақпарат» түсінігінің көп мағыналы болуының себебі неде?

      5. Мәдениеттің функционалды құрылымының кестесі.

      6. Мәдениет пен дәстүр арасында қандай сәйкестік бар?

      7. Мәдени дәстүрге анықтама беріңіз.

      8. Мәдениетке өз анықтамаңызды беріңіз.

      1.3. Мәдениетті зерттеудегі түрлі әдістер

      1.3.1. Мәдениеттің психологиялық концепциялары.

      1.3.2. Социологиялық теория. Ойын теориясы.

      1.3.3. Мәдениеттің семиотикалық және символикалық концепциялары.

      Негізгі әдебиет:

      1. Антология исследований культуры. Т.1. Интерпретация культуры. – СПб., 1997.

      2. Антропология и история культуры. – М., 1992.

      Негізгі деректер:

      1. Гирц К. Интерпретация культур. – М., 2004.

      Қосымша әдебиет:

      1. Культурология. ХХ век. Энциклопедия. 2-х т. – СПб.,1998.

      2. Крысько К., Деркач А. Этнопсихология. Т. I. – М., 1992.

      1.3.1. Мәдениеттің психологиялық концепциялары

      19-20 ғғ. психоаналитикалық теорияның пайда болуы адам мен мәдениетті түсінуде өзіндік «антропологиялық революция» жасады деп айтса болады. Психоанализ негізін салушы Зигмунд Фрейд өзінің «Тотем және табу» еңбегінде культурогенез мәнін алғашқы мәдениет құбылысы арқылы ашады. Тотемизмнің алғашқы мағынасын ашуға тырысқан ол мәдениет феноменін түсінуде тыйым салу жүйесінің, яғни табудың үлкен мағынасы бар екендігін көрсетеді.

      Жыныстық қарым-қатынастарға тыйым салу және оны невроз тудыратын және бейсаналы салаға ығыстырып шығару түптеп келгенде адамзат тарихының ең ежелгі сатысында пайда болған мораль мен құқықтың қоғамдық нормалары. З. Фрейдтің теориясында қалау-тілектерге тыйым салу немесе мәжбүрлеу мәдениеттің негізі болып табылады. Оның көзқарастарының негізінде адамдағы табиғи бастау, бейсаналылық, қысым көрсету мен табиғат нормалары арасындағы қарама-қайшылықтар жатыр деген ой-тұжырым жатыр.

      Фрейдтік «мәдениет» термині адамдардың табиғатқа билік жүргізу барысында игерген білімдері мен әдіс-тәсілдерді, адам қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында игіліктерге қол жеткізу мағынасын білдіретінін айта кету қажет. Сонымен қатар Фрейд теориясы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, әсіресе СКАЧАТЬ