Мәдени антропология. Әлия Масалимова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Мәдени антропология - Әлия Масалимова страница 8

Название: Мәдени антропология

Автор: Әлия Масалимова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-247-244-8

isbn:

СКАЧАТЬ қоғамдық орта анықтайтын адамның өмір сүру образы.

      4. Құндылықтық анықтамалар. Культура – бұл адамдардың материалдық және қоғамдық құндылықтары, институттары, салттары, іс-әрекеттері.

      5. Психологиялық анықтамалар, адамдардың белгілі бір мәселелерін психологиялық деңгейде шешуден бастау алады. Мәдениет – бұл табиғи орта мен экономикалық қажеттіліктерге ерекше бейімделу жолы.

      6. Үйрену теориясы. Мәдениет – бұл адамның биологиялық мұра ретінде қабылдаған қасиеттері емес, ол оның үйрену нәтижесі.

      7. Құрылымдық анықтамалар. Бұл анықтамада ұйымдар мен модельдеудің маңыздылығына басым назар аударылады. Мәдениет – бұл материалды және материалды емес мәдениет арасында түрлі жолдармен қалыптасқан байланыс, анықтамалар мен белгілер жүйесі. Негізгі қажеттіліктер маңында топтасқан белгілер мәдениеттің ядросы (моделі) болып табылатын қоғамдық институттарды теріске шығарады.

      8. Идеологиялық анықтамалар. Мәдениет – бұл ерекше іс-әрекеттер арқылы, яғни сөздердің көмегі мен еліктеу арқылы бір тұлғадан екінші бір тұлғаға өтетеін идеялар ағымы.

      9. Символикалық анықтамалар. Мәдениет – бұл символдар-ды қолданатын немесе соған байланысты түрлі феномендер жүйесі (материалдық заттар, іс-әрекеттер, идеялар, сезімдер).

      Жоғарыда аталған анықтамалардың барлығына ортақ бір кемшілік ол мәдениеттің маңызды белгісі бола тұрса да оның тек бір бөлігіне ғана басым назар аударуында. Аталмыш анықтамалар мәдениеттің қоғамда атқаратын көптеген қызметтерін толық анықтап, көрсете алмайды.

      Жоғарыда айтылғандарды негізге ала мынадай анықтама беруге болады: мәдениет – адамдар жүріс-тұрыстары мен қоғамдық іс-әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Ол идеялар, модельдер мен құндылықтары бар тарихи, дамушы, зерттелуге келетін, символдарға негізделген, сонымен қатар биологиялық мұраны қамтиды, дегенмен де биологиялық мұрагерлік механизм жолдарынан мүлде өзгеше беріледі. Ол эмоционалды деңгейде қабылданады немесе индивидтер тұрғысынан теріске шығарылады.

      Мәдениетте оның тіршілік ету жолдарына сәйкес үш негізгі бөліктерін бөліп көрсетеді4.

      1. Адамдардың «инерциялық» қоғамдық саналары идеялық-теоретикалық және қоғамдық-психологиялық деңгейі ретінде.

      2. Оның жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерде көрініс беруі.

      3. Іс-әрекеттің «заттандырылған» нәтижелері материалды және рухани мәдениет ретінде.

      Ерекше қоғамдық жол ретінде, адамзат іс-әрекеттерін жүзеге асыру технологиясы ретіндегі мәдениет концепциясының әдіснамалық артықшылығы оның мәдениетті біртұтас социумнан бөліп көрсетіп, сонымен оның түрлі көріністерімен теориялық интеграциясын көрсете білуінде.

      Мәдениет түсінігіне өмір сүру жолы (образы) түсінігі етене жақын болып келеді. Бұл екі түсінік те, адамдар іс-әрекетінің қоғамдық жолы болып табылатын бір шынайылықты білдіреді, бұл СКАЧАТЬ



<p>4</p>

Маркарян Э.С. Очерки теории культуры. – М., 1983. С. 65.