Мәдени антропология. Әлия Масалимова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Мәдени антропология - Әлия Масалимова страница 7

Название: Мәдени антропология

Автор: Әлия Масалимова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-247-244-8

isbn:

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      5. Тарихтағы «адам» және «мәдениет» түсініктерінің эволюциясы.

      6. Адамның қалыптасуындағы еңбектің ролі қандай?

      7. Мәдениеттің қалыптасу барысындағы символдардың ролі.

      8. Адам және мәдениеттің дамуындағы үйрету мен тәрбиенің орны.

      1.2. Мәдениет мәдени антропологияның пәні ретінде

      1.2.1. Мәдени антропологиялық білім жүйесіндегі мәдениет концепті.

      1.2.2. Қоғамдағы мәдениет құрылымы мен қызметтері.

      Негізгі әдебиет:

      1. Емельянов Ю.Н. Основы культурной антропологии: Учебное пособие. – Спб., 1994.

      2. Орлова Э.А. Введение в социальную и культурную антропологию. – М.,1994.

      3. Белик А.А. Культурология. Антропологические теории культуры. – М., 1998.

      Негізгі деректер:

      1. Клакхон К.М. Зеркало для человека. – СПб.,1998.

      Қосымша әдебиет:

      1. Маркарян Э.С. Очерки теории культуры. – М.,1983.

      1.2.1. Мәдени антропологиялық білім жүйесіндегі мәдениет концепті

      «Мәдениет» ғылыми қолданыста ең жиі қолданылатын күрделі түсініктердің бірі болып келеді. Бұл мәдениет сөзінің күрделі тілдік тарихымен байланысты. Еуропалық тілдердегі мәдениет – «культура» этимологиясының төркіні латындық cultura сөзімен байланыстырылады, ол өз кезегіндеcolere сөзінен бастау алып, табыну, өсіру, қол астына алу, құрметтеу, тұрақтану (населять) деген мағыналарды білдіреді. Бұл мағыналардың бір бөліктері уақыт өте келе жеке терминдерге айналады, мәселен, значение «населять» латындық colonus сөзіне айналады, орыс тілінде – колония. «Почитать» – «құрметтеу», «поклоняться» – «табыну» – латындық cultus, яғни культке айналады. Ағылшын тілінде cultura сөзі алғашында – «даму», «өсіру» деген мағыналарды білдірді. Көне француз тілінде cultura – couture сөзіне ауысып, кейінірек мүлде өзге мағынаға айналады.

      Басқаша сөзбен айтсақ, өзінің барлық сөздік қолданысында cultura бір затты өсіру (культивирования), әдетте, өсімдіктер мен жануарларды өсіру үрдісін білдірді. В. Дальдің Түсіндірме сөздігінде назар аударып көрейік (19 ғ.), сөздікте культура – «өңдеу және байыппен қарау, жөндеу, білім, ой-өріс және ізгілік деген мағыналарды білдіреді». Осылайша, «культивировать» сөзін өңдеу, жөндеу, қалыптастыру деген мағынаны білдірді.

      «Мәдениет» сөзінің қазіргі мағынасына жақын қолданылған мағынасы алғаш Цицерон еңбектерінде (б.з.д. 45 ж.) философияның адам санасына тигізетін ықпалын білдіру үшін қолданылды. Ойшыл «сана мәдениеті – философия» деп есептеген. Қазіргі таңда «мәдениет» сөзі әлемдік халықтардың барлық тілдерінде кездеседі және ғалымдардың есептеуі бойынша мәдениет түсінігінің анықтамалары 400-ге жетеді.

      Сөздік қолданысында «мәдениет» түсінігіне әдетте бағалаушылық сипаттама беріледі, мәдениет белгілі бір деңгейге ұмтылу ретінде қарастырылады. «Мәдениет» түсінігіне бағалаушылық мағына беру әрекеті нағыз адамға лайықты және оның дамуына сай өмір сүру образын мәдениетпен СКАЧАТЬ