Мәдени антропология. Әлия Масалимова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Мәдени антропология - Әлия Масалимова страница 10

Название: Мәдени антропология

Автор: Әлия Масалимова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-247-244-8

isbn:

СКАЧАТЬ берілетін білім, іс-шаралар, біліктілік саласынан әлдеқайда кең түсінік. Бұл құбылыстың екі аспектісін бөліп көрсетеді:

      n материалдық жүйелер n қоғамдық жадының танымдық-мағыналық мазмұны.

      Екі аспект арасындағы айырмашылық «ақпарат» түсінігінің екі аспектісінің арасындағы айырмашылықты білдіреді:

      n ақпарат құрылымдық реттілікті басқару үрдісі барысында берілетін құбылыс ретінде n ақпарат адам санасының субъективті мазмұны болып келетін білім ретінде.

      Ақпарат аспектілерінің дифференциациясы мәдениеттің қоғамдық-технологиялық комплексінің ақпараттық компоненттерінің арасында шекара жүргізуге негіз болады:

      – социоинституционалды мәдениет;

      – гуманитарлық мәдениет.

      Мәдениет шеңберіндегі адамдардың қоғамдық-ұжымдық іс-әрекеттерінің түрлі жақтарын реттейтін қызметін, яғни мәдениеттің реттеушілік жүйесін бөліп көрсету міндеті, мәдени жүйені теориялық анықтау (препарирования), оның фундаментальді негіздерін анықтау міндетімен сәйкес келеді. Бұл міндетті жүзеге асырудың шешімін танымал ресейлік мәдениет зерттеушісі Э.С. Маркарян мәдениеттің функционалды құрылымы кестесі негізінде ұсынды6.

      1. Реттеушілік жүйе, іс-әрекетке себеп болу, белсендіру, бағдарлау, бақылау қызметтерін атқарады.

      2. Орындаушылық жүйенің көмегімен адамдар өз іс-әрекеттерінің жан-жақты бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер алады.

      3. Физикалық өмірді қамтамасыз ететін жолдардың жүйесі адамдарға физикалық тіршілігін қолдауға мүмкіндік беріп, қоршаған ортаның жойқын, жағымсыз ықпалдарынан сақтайды.

      4. Биологиялық деңгейден жоғары тұратын мәдени өңдеу жүйесі, қоғамдық маңызы бар тәжірибені концентрация және қоғамдық ұйымдастыру жолдары арқылы адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында жүзеге асыру, осы тәжірибені кеңістік пен уақытта тарату.

      Мәдениет жүйелерінің кестесі бөліп көрсеткен төртеуінің ішіндегі (1 және 3) екеуінің ақпараттық табиғаты бар, яғни қоғамдағы ақпараттық үрдістерді жүзеге асыру механизмдері мен ақпараттық бірліктерінің жиынтығы бар. Өзге екеуі (2 және 4) өздерінің құрамында адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының физикалық құралдары ретіндегі түрлі объектілердің (еңбек құралы, көлік түрлері, тұрмыстық заттар, киім, тағам), мәдениет қалыптастырған іс-әрекеттердің түрлі ақпараттық бағдарламаларының жүзеге асырудың физикалық жолдарының бар екендігін көрсетеді.

      Мәдениет компоненттерін ақпараттық және физикалық қызметтерге бөлу материалды және рухани мәдениетті бөліп көрсетуде барынша сенімді жол болып табылады.

      Реттеушілік жүйе қоғамның рухани мәдениет саласын материалды мәдениеттен бөлу шарттарын субстанционалды онтологиялық көрсеткіш бойынша емес, функционалды көрсеткіш бойынша жүзеге асырған жөн. Аталмыш көрсеткішке сәйкес рухани мәдениет физикалық құралдық қамтамасыз ету жолдарына қарағанда СКАЧАТЬ



<p>6</p>

Маркарян Э.С. Теория культуры и современная наука. – М., 1983. С.121.