Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 42

СКАЧАТЬ Әлпейіс бір жылқы беріпті ғой. Не үшін берді?

      – Шоңке, туысқандық жолмен маған мал берсе, онда тұрған не бар? Ол үшін оны кінәлаудың жөні жоқ…

      – Мен сені де, оны да кінәлап отырғаным жоқ. Сенің әкеңнің жақсы адам екенін, анада қыз дауында бір адам айтып еді, сен кімге тартып өтірікші болғансың?

      – Шоңке, мен үй өртеді деп кім айтып отыр сізге? – Бұл сұрақты екінші рет қайталады ол.

      – Қасыңдағы жігіттің есімі аузыма түспей отыр. Ол кім еді?

      Қабден сол айтып қойған екен ғой деп ойлады. Енді кейін шегінудің ретін таба алмады:

      – Ол – Айдар…

      – Жарайды, бара бер, сені кінәлап отырған ешкім жоқ. – Қабден түкке түсінбей шығып кеткен еді.

      Артынша Шоң Әлпейісті шақыртып алған болатын. Ол барайын ба, бармайын ба деп, ойға беріліп, «болыс шақырып отыр, бару керек» дегенге тоқтап, келген еді. Шоң тілін алмаған адамға өшігіп алатынын, қаһарына іліккен адамды оңдырмайтынын және білетін. Бармаса Ақмоладан стражник шақыртып, апарып қаматып қоятынын сезіп, амалсыз қорыққанынан келген. Бармағанымен бәрібір, Шоңнан құтыла алмайтынын білді. Ақыры келген. Тамақ істетіп қойған екен. Ет желінді, қымыз ішілді. Әлпейіс көңіліне Шоңның мына қылығы бір сенім кіргізді. Ол әлі Қабденмен кездескен жоқ болатын. Жай бір шаруамен шақыртып отыр деген ойға тоқтаған. Әуеліде қысыла-қымтырыла сөйлегенімен, кейін еркіндікке кетті. Ашығына көшкен.

      – Шоңке, осы сіз мені неге шақырдыңыз?

      – Мен сенен үйімді неге өртегеніңді білгім келеді. – Сөзді турасынан ашық қойған.

      – Шоңке, оны сізге кім айтты?

      – Мен өз көзіммен көрдім.

      – Тап сол уақытта ұстамай, енді жала жауып отырсыз!

      – Сен өртеген жоқсың, бірақ өртеткен сенсің!

      – Шоңке, мынауыңыз көрмей, білмей, жала ғой.

      – Әлпейіс, сені мен босқа кінәлап отырған жоқпын. Сенің жүйріктеріңді алған мен емес, губернатор, мықты болсаң өкпеңді айтып, соған жаз. Ана менімен бірге оңтүстікке барған болыстарға не істегенін естідің ғой. Мен соны күн ілгері білдім. Екі-үш болысты Герасимов шақыртып алып, жауып қойғанын естіген шығарсың. Мен ондайға ұрынғым келмейді. Содан кейін сендерді қыстым. Менде не шаруаң бар? Соны менен көріп, үйімді неге өртейсің?

      – Шоңке, сізді кінәлап отырған ешкім жоқ, сіз де мені орынсыз кінәламаңыз…

      – Сен өртеген жоқсың, бірақ ана жігіттерді жұмсап, өртеткен сенсің ғой. Есіңде болсын, Әлпейіс, онымен есең қайтпайды.

      Әлпейіс аузына сөз түспей отырып қалды. Сәлден соң Шоң:

      – Олай болса, ояз сотының алдына барып сөйлесейік.

      Мына сөзді естігенде Әлпейістің зәресі кетті. Сонау Кенесары заманынан бері талай адамдар Сібірге айдалып, көбісі із-түссіз кеткен.

      Шоң айтса, оның сөзін анау отырған ояз өтірікке шығармайтынын біліп отыр еді. Ояз қиналмайды, Сібірге айдайды да жібереді. Көз алдына өзі көрмесе де, ел айтып жүретін Сібір елестеп кетті. Шоңның айтқанын ояздың екі сөзге келмей СКАЧАТЬ