Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 44

СКАЧАТЬ Пәлен жыл бірге тұрған күйеуіне сондай ұшқары сөз айтқанына ренжіп қалды. Содан Шоң Қалимаштан сұраған еді: «Семен Иванович сенің пәлен жыл бірге тұрған күйеуің, бұл сөзді қалай айтасың».

      – Екеумізді байластырып тұрған жалғыз бала еді. Ол жақында Балқан түбегінде болған бір соғыста қайтыс болыпты. Маған әйелі жазған хатты Герасимов әкеп берді.

      Содан Шоң ештеңе айтпай қайтып кеткен. Жолай қаладағы Герасимовқа жолықты. Ол айтқан: «Енді ана әйел Карбышевті маңайына жуытпас. Семен Иванович оны қатты сүюші еді. Енді жағдайы қалай болады екен». Шоң Қалимаш аузынан әлгі сөзді естігенде ештеңе айтпастан аулына қайтып кеткен. Арада бір жарым ай өткенде Ақмоладан жолшы келді. Ол Герасимовтың шақырып жатқанын айтқан. Шоң хабарды алысымен Ақмолаға тартты. Герасимов Шоңға барлық жағдайды баяндады: «Қалимаш үйіне жуытпай, Карбышев қаладағы үйінде жатыр. Саған Карбышев хабар бер деген соң, ана татарды мен жібердім. Сенімен сөйлесетін сөзім бар дейді». Екеуі Карбышев үйіне келген. Ол төсекте жатыр екен. Жастығынан басын көтеріп, сөйлесуге шамасы келмеді. Осыдан-ақ Шоң оның қатты ауру екенін білді. Жатқан қалпында Карбышев неге шақырғанын айтып кетті.

      – Анау Қалимаш мені шын сүймейді екен. Барған күні бір қондырмай үйден айдап шықты. Жалғыз баланың өлгенін менен көреді. Мен де баланың өлгенін естігенде өлі мен тірінің арасындағыдай күйде болдым. Қалимашқа үйленгенімнің қателігін енді білдім. Бәрі кеш болды. Менің өкпе ауруым қозып, Санкт-Петербург ауасы әсер етті ме, жүрегім ауыра бастады. Бұл тағдырдың мазағын қарашы. Тура осы сәтте ауырып қалғаным… Санкт-Петербургтен түк бітіре алмай қайттым.

      Санкт-Петербургте былықпай болып жатыр. ІІІ Александр қырық тоғызға қараған шағында белгісіз аурудан қайтыс болып, император орнына тұратын адам әлі белгісіз екен, оның орнына әйелін қоюуды либералдар мен еврейлер қолдан отырған көрінеді. Оларға патша маңайында жүрген ұлтшылдар қарсы шығып жатқан сияқты. Қай жағы жеңері белгісіз. Содан үлкен дау боп жатыр. Қазір еврейлр күшейіп алды ғой. Бар мәселеге солар араласып отырады екен. Пәлен жүз жыл билік құрған Романовтар әулеті басына қауіп төніп тұрғандай. ІІІ Александрдың әйелі Дат корольдігінің қызы ғой, әйелінің жаратылысы орыс болмағандықтан, патша маңайындағы орыс ұлтшылдары бұған қарсы екен, шетелдік әйел Ресейді қалай басқарады деген сөз шығып жатқан көрінеді. ІІІ Александрдың баласы ІІ Николай жаратылысында жуас адам дейді. Оның ел басқара алатынына күдік келтірушілер бар сияқты. Патша жағын қойшы, әйтеуір біреу тұрар. Баламның өлгенін естігенде барлық арман су түбіне кеткендей болды, содан түк бітіре алмай қайттым. Жолда губернатор Густав Христиановичке соқтым, ол да қатты ауру екен. Енді оның да жұмыс істей алатын түрі жоқ тәрізді. Сонда да үйіне әдейі барып, көңілін сұрап, менің орныма Ақмола уезіне інімді ояз етіп жіберуін сұрадым. Ол Санкт-Петербургтегі жағдай сәл реттелсін дегенді айтты. Ол кісінің де жасы жетіп, қартайып отырған адам ғой. Оның тілін жоғарыда отырғандар алса жақсы. Ол кісі менен аянбайды ғой. Илья маған қарағанда СКАЧАТЬ