Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 46

СКАЧАТЬ қатыспағанымен, оның айтуымен төрелер жасады. Осында Семен Иванович Санкт-Петербургке кетіп бара жатқанда мені орнына қалдырғанын естіп шу шығарған. Мен орынбасарымын, неге мен тұрмаймын дегенді айтқан. Ол сонда қатты ашуланған. Бұл шаруа соның қолынан келді.

      – Ол дәлел бола алмайды. Бұл сөзіңмен Жайықбаевты жауапқа тарта алмаймыз, – деді судья. Шоң оның бұлай неге сөйлеп тұрғанын білді. Жайықбаев пен судьяның көңілдері әуелден жақсы болатын.

      – Сен, Шоң Телқозинович, не айтасың бұған? – деді Герасимов. Оның ондағы ойы Шоңды тартса, әлгі айтқан сөзі мықты болатынын Герасимов біліп тұр еді. Шоңның төрелерді жақтырмайтынын білетін.

      Шоң өзіне үлкен жауапкершілікті Герасимов мына сөзімен жүктеп отырғанын білді де:

      – Мен Карбышев аузынан Ыбырайды да, сені де қойып кеткенін естігем жоқ. Ол кезде елде болдым ғой, қалай айтамын? – деді. – Осипович, мен жалған айта алмаймын.

      Герасимов Шоңның бұл сөзіне риза болмады. Алайда, қарсы сөз айтқан жоқ.

      – Рас, Телқозин ол кезде қалада болған жоқ қой. – Судья бұған қарсылық білдірді.

      Герасимов судьяның Ыбырайды жақтап тұрғанын білді. Өйткені, олардың қандай істе болмасын, бірінің бірі тілін тауып жүргенін сезетін. Ол мына сөзімен Ыбырайды қорғап қалғандай болды. Шоңның әлгі сөзінен кейін Герасимов та, Карбышевтің інісі де қарсы сөз айта алмады. Екеуі бұдан кейін ешкіммен ақылдасқан жоқ, жандарм бастығына бірнеше төрелерді тұтқындатқан еді. Олардың туыстары Омбыға шапқан. Бұл екі арада бірнеше күн өтіп кетті.

      Сөйтіп отырғанда Омбыдан жаңа ояз келді. Қасында екі полковнигі бар. Гасфорт орнына Санкт-Петербургтен келген генерал-губернатор ояздыққа жаңа адамды жіберіпті. Екі полковник кеңсе қызметкерлерін жинап, жаңа оязды таныстырды.

      Карбышев пен оның інісінің арман-мақсаты далада қалды. Жиналыс аяқтала бергенде бір топ төрелер мен қамауға алынған адамдардың әкелері келді. Арасында Қаниса да бар. Олар ешқандай кінәсі жоқ төрелерді жауып қойғанына арыз айтуға келіпті. Сөз басталып кетті. Омбыдан келген полков- никтің біреуі тұрып:

      – Ешқандай дәлелсіз ешкімді жабуға болмайды, – деген еді. Герасимов отырып айтқан:

      – Көрде жатқан адамды табытымен ендеше кім қазып әкетті? – деді.

      – Оны жасаған төрелер екенін дәлелдеу керек, – деді Омбыдан келген полковник.

      – Төрелерден басқа кім енді? – Герасимов болмады.

      – Сендер әуелі дәлелдеңдер, содан кейін жабу керек. – Полковникке ешкім қарсы келе алмады. Содан екі полковник жаңа оязды тағайындап, қайтып кеткен еді. Карбышевтің інісі әкесі мен ағасының көрін талқандап кеткен кісілерді іздеуді жүргізіп жатты. Осы кезде Омбыдан Ыбырай келген еді. Карбышевтің інісі:

      – Менің әкем мен ағамның көрін талқандауға сен ат салыстың. – Бұл сөзді Герасимовтың нұсқауымен айтып тұрғанын Шоң түсінді. Алайда, өз пікірін айтпай, бейтарап тұра берді. Герасимов болмады.

      – Шоң Телқозинович, сен пікіріңді не СКАЧАТЬ