Название: Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Жанр: Историческая литература
isbn: 9785005549495
isbn:
– Сол Жанкелді әкеміз қаншаға сатып алған екен?
– Ол кезде жер сату болған жоқ. Әуелден Құдайдан бұйырған жер.
– Одан бері қанша заман өтті. Орыс келді де жаңа заң шығарды. Енді ел жердің құндылығын түсіне бастады. Анау патша да соны біліп, жердің бәрі менің меншігім деп отыр. Біз соның айтқанын түсініп, сол шығарған заңға бағынумыз керек. Сіз оны есіңізден шығармаңыз. Ертеңгі күні болыстың баласы ананы жасап отыр деп, басқалар да соны жасайды. Сонда мен не айтамын? Менің балама болады, сендерге болмайды деймін бе?
Телқозы бұдан кейін Шоң сөзін тыңдаған жоқ. Ренжіп үйден шығып кетті. Сыртта жүр еді, Оспан келді. Оған Телқозы:
– Әкең келіп отыр, Ана Естайға жерді тегін бердің бе?
– Көке, келісім бойынша саууға одан бір сүтті бие алғанмын. Құлыны өскен соң өзіне қайтып беремін, күзге қарай… Оны өзіңізге айттым ғой.
– Ана әкең дау шығарып отыр. Ол әбден ана орыстардың айтқанын қалт жібермей орындауға үйреніп алған. Сен оған ондай шаруаны сездірме. Елдің бәрі отырған жерін ата жолымен ие болып пайдаланып жатыр. Егер сенен бие алдың ба десе, алған жоқпын де. Ешкім де өз жерін тегін беріп жатқан жоқ. Әкең айта берсін, оныкі бос сөз.
Шоң не істерін білмей отырғанда Оспан кірді үйге. Оңашада екеуден екеу қалды, Шоң сөз бастаған еді.
– Сен мені неге алдайсың? Ана Тама байының шабындыққа берген жылқысын қайтармапсың ғой.
Оспан үлкен әкесінің сөзіне байланыстырып өтірік айта алмады. Мына әкесі біліп, келіп әдейі сұрап отырғанын білді.
– Мен апарып бергем, ол алмады.
– Сен апарып бергенде ол жерден шөп шаппа деген болуың керек. Сондықтан алмай отыр.
Шоңның Оспанға ашуы қара қазандай еді. Отыра алмады, үйден ашуланып шығып кетті. «Мынау әбден өсіп, жетілген екен. Әкесі, менің сөзімді де тыңдамайтын болыпты» – іштей таусыла сөйледі, өзінен-өзі.
Осыдан кейін Оспан үйіне бас сұғуды қойды. Қазақ тәртібімен қысқы соғым кезінде түысқандар бір-бірін соғымға шақыратын. Сол жылы Шоң соғымға Оспанды шақырмай қойды, өзі де бармаған. Әке мен бала арасында бір шатақтың болатынын Әйімкүл біліп жүрді. Бірде оңашада айтқан Шоңға:
– Шоңке, балаға ренжіп қайтесіз?
– Ол қайдағы бала? Балаңның неше жасқа келгенін білемісің? Барып тұрған дүинеқоңыздың өзі. Ол менің сөзімді тыңдамайды. Сонда кімнің сөзіне тоқтайды. Ертеңгі күні бұның арты не болады?..
Шоңның қатты ашулы екенін білді де Әйімкүл сөзі таусылғандай, отырып қалған еді. Қыс өтіп, көктем келді. Жаз туды. Бұл уақыттын ішінде Шоң Оспан үйінің есігін бірде бір рет ашқан жоқ еді. Оспанның үшінші баласы Әлкен туды. Жаздын бір тамаша күні болатын. Қасында әйелі Несіпберлі бар Телқозы келді.
– Шоң, сен балаға өкпелеме, тағы бір ұрпағымыз өмірге келді, барып құтты болсын айтайық, – деді. Шоң ақыры, мына сөзге қуанып, әкесінің сөзін СКАЧАТЬ