Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 28

СКАЧАТЬ бола бере ме, жай бір ойлар басыма кіріп алып, сол шықпай отыр. – Ақ шаш туралы айтпады.

      Әйімкүл күйеуінің бір нәрсеге көңілсізденіп отырғанын сезсе де, бірақ ол қандай шаруа деп сұрамады. Содан кейін айтқан:

      – Шоңке, олай болса құс аулап шаршаған шығарсыз, үйге кіріңіз, дем алыңыз, – деді сәлден соң.

      – Кейін кіремін ғой, маған осылай отырғаным ұнап отыр. Таза ауада, -деді Шоң.

      Әйімкүл олай болса Шоңкенді мазаламайын деп орнынан тұра беріп еді, күйеуі оны иғынан басып қайыра отырғызды. Сөз бастаған:

      – Әйімкүл, осы сен нешеге келдің? – Бұл сұрақты қоюына әлгі ақ шаш әсер еткен болуы керек.

      Шоңның мына сұрағы Әйімкүл көңілінде баяғыдан өле бастаған тоқал туралы күдікті оятып жібергендей болды. Алайда, ол туралы айтпады. Соңғы жылдары ол туралы сөз қозғауды біржола қойған. Басқаша сөйледі.

      – Шоңке, сіз шын менің неше жасқа келгенімді білмейсіз бе?

      – Ұмытып қалыппын.

      Әйімкүл күйеуінің бір айтқан сөзді, жасаған істі ұмытпайтынын жақсы білетін. Соңғы кезде бой көрсете бастаған бас ауруының әсері болар деп ойлаған еді

      – Кырық сегізге келдім ғой.

      – Екеуміздің қосылғанымызға отыз жылдан асып бара жатыр екен. Дегенмен, әлі жас екенсің ғой.

      Мына сөз Әйімкүлге ұнап қалды. Бір жағынан ұнамады.

      – Шоңке, қырық сегіз аз емес қой. Бұл кәрілікке бет бұрған кезең.

      – Мен, міне алпысқа келіп қалдым. Нағыз кәрілік алпыс жас қой.

      – Еркек үшін алпыс кәрілік емес… – Бірақ оны неге айтқанын өзі де түсінбеді Әйімкүл. Содан кейін:

      – Солай ма? Шоңке, мен сізді алпысқа келді деп ойлаған жоқ едім.

      – Мен де қашан қосылғанымызға мән беріп көрген жоқпын… Мен үшін сен кеше қосылғандайсың. – Бұл сөзде көңіл көтеру, алдау бар екенін ұққан Әйімкүл. Оның көңілінен онша шыға қоймады. Содан кейін айтқан:

      – Міне, санап отырсыз ғой.

      – Осынша жас өткеніне таңқалып отырмын. – Әйімкүлге ақ шаш туралы айтпады. Шоң түсініксіздеу қылық жасап, маңдайынан бір сүйді де, -жарайды, сен бара бер, мен мына саялы жерде біраз отыра тұрайын, – деді.

      Әйімкүл ештеңе деген жоқ, орнынан тұрып кетті. Соңғы кезде байының мінезінде болған өзгерістерді байқап жүр. Тез ашуланып, тез басылады. Сірә, адам жас жеткен сайын, мінезі де өзгереді, бұл қарттықтың келуінің белгісі ғой, соның әсері шығарға тоқтаған Әйімкүл. Уақыт өткен сайын Шоңның мінезді әкесіне ұқсап бара жатқанын байқайтын, балаларына кінә таққыш болып барады. Онысын жақтырмайтын, бірақ қарсы сөз айтпайтын. Әйімкүл орнынан тұрған бойы үйге кіріп кеткен.

      Әлгі әйелінің басынан көрген бір тал ақ шаш әртүрлі ойларға шақырып, соның жетегінде кетіп қалған еді Шоң. Неге екенін білмейді, Әйімкүлмен Ақмолада өткізген қызықты күндерін еске алды. Ол расында қызықты да, бақытты жылдар еді. Енді өзіне де әкелерінде СКАЧАТЬ