Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 23

СКАЧАТЬ олар. Тағы да Шоң өзі сөйлеп кетті, бұл жолы Калмағанбетке арнап сөйледі.

      – Сені елдің атынан осы билер сайлап отыр. Сондықтан байлар да, билер де сенің айтқаныңды жасауы керек. Оны жасата алмасаң, ояз алдында мен емес, бұлармен бірге барып жауап бересің.

      Шоңнын мына сөзінде қандай мағына жатқанын болыс та, билер де түсіне қалды. Басқа басы артық сөздің қажеті жоқ екенін түсінді. Тоқтап, тоқырап қалғандай болды. Бұл әңгіменің әсері күші болған тәрізді. Арада екі-үш күн өткенде Қалмағанбет болысында тұратын байлар жүйріктерін әкеле бастады.

      Шоңның Калмағанбет болыспен бірге билерді де шақырып алып сөйлескені туралы басқа рулардың да билерінің құлағына жеткен еді. Әңгіменің неден басталып, қалай аяқталғанын біліп отырған олар да. Шоң өздеріне де соны жасайтынын білді. Көңілі жақын билер, үйлеріндегі анау бес орысты қосып, солармен Ақмолаға жіберетін ойы бар екенін айтқан біріне бірі. Бұл қоспа сөздін әсері күшті болды. Олар өздеріне жақын байларды шақырып алып, Шоңның жасап жатқан шаруасын жеткізген. Дегенмен, қанша би болса да олардың сөздерін тыңдамайтын байлардың арасында кисықтары бар еді. Солар аталған жылқыларын әкелмей жатқан әлі де. Бірақ та бәріне Калмағанбет руларының билеріне колданған әдісті колдана беруге болмайды. Бір болыста бидің туысқаны әкеп, бірі әкелмей отырған еді. Ондай байлардың туысқандарына би болып отырған билермен Шоң өзі шақырып алып сөйлескен еді.

      – Пәленше, сенің ана туысқаның сенімен үш атадан қосылады. Сенің сөзіңді ол тыңдайды. Сен неге айтпайсың? – деген сөзден бастап біраз қатты-қатты сөздерді айтып жіберген. – Болмаса, түрмеге оның орнына өзің барып отыр, болмаса ана бай туысқаныңды жібер! – Бұл ауыр сөз еді. Ондай сөзді кейбір айрықша намыской билерге сенің анау түгеншеден билігің кем бе деп, біраз қайрау үшін айтатын. Ал анау би қайда болмасын одан қалысқысы келмейтін. Ол келіп туысқандарын қорқытып, мен сені Ақмолаға апарып түрмеге жабамын деген. Ақыры, аулында жанжал болып амалы таусылған бай жүйрігін алып келген.

      Қазақтардың қулығына түсініп алған орыс-казактар әр атты шауып көріп, жүйріктерін ғана алып жатты.

      Енді қазақтардың жағдайын біліп алған казак-орыстар қулыққа көшті. Жүйрік аттардың орнына ортан қол аттарды алып келсе, оның үстіне ақша алған еді. Шоң мұны сезіп қалған, арты жақсы болмайтынын білген. Ертеңгі күні бұл жағдай генерал Колпаковскийдін құлағына тисе, ол губернаторға жеткізіп, оның арты үлкен жанжал болатынын сезді. Оны осында өзімен бірге еріп келген казактардың өздері, біріне бірі ерегісіп жеткізетінін де сезіп отыр еді. Шоң оңаша отырғанда өздері келіп айтатын, анау Михаил, жүйрік емес, бір атты алды, ақысына үстіне ақша алды дейтін. Мынаның үлесі кетіп бара жатқан соң осылай деп отырғанын Шоң түсінген еді. Казак-орыстардың мінезін білетін, біреу артық бірдеңе алып қалса, екіншісі жоғарыда отырған бастықтарына жеткізетін мінездері бар екенін баяғыдан біліп жүрген. Және олардың айтқаны ақтан тиетін. Казактардың жіберген арызына ояздан бастап губернаторға дейін екі етпей орындайтын. Егер соны жасаса, анау Колпаковскийдің алдымен өзін кінәлайтынын Шоң білді. Содан кейін СКАЧАТЬ