Название: Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Жанр: Историческая литература
isbn: 9785005549495
isbn:
– Қоңырқара тұқымы қайда?
– Шоңке, олар баяғыда біткен ғой.
– Сен Алдаберген өтірік айтпа! Былтыр ғана мына Қаражастардың тойына салып, бірінші орын алып едің ғой.
Ол жылап жіберді.
– Ол атымды алғанша үйдегі балаларды алсын да!..
– Алдаберген, генарал-губернатордың бұйрығына қарсы келе алмаймыз. Қажет болса балаларды да алады. Жүйрік кетсе оның орнына жүйрік туады. Ертеңгі күні өзіңді Сібірге айдап жіберсе, онда не болады?! Сен қасарыспай, Қонырқараның тұқымынан да алып кел…
Алдаберген сөз таусылғандай болып кеткен. Шоң қасында тұрып қалған Түсіпті қолға алған.
– Сені Жабағылардың тәуірі деп ел би сайлап отыр. Алдабергеннің әлгіндей жасауына неге жол бересің?
– Шоңке, оның орыс-казактар осындай жылқыларды алып жатыр дегеніне сеніп қалып едік. Кешірім сұраймын, – деді.
– Әкең Қожамжар дұрыс адам еді. Сен кімге тартып осындай болғансың? – Түсіпті біраз жерге апарып қатты ұрысқан.
Осылайша жүйріктер мәселесі біртіндеп шешіліп жатты.
Шоңға мінез көрсетіп жатқанның бірі Елгелділер болатын. Бұлардың арасындағы Ерназармен, Жанкелді тұқымдарымен алакөздік, араздық сонау Корысбай асынан басталған еді. Кейін Шоң Ақмоладан бір жылдық оқу бітіріп келгендегі ат жарысындағы жанжал. Телқозының Елгелділер туралы айтып жүрген сөздері. Оған Жойқынбектің өлімі қосылды. Содан бұл екі ауыл біржола араздасып кеткен еді. Бұрынғыдай жөнге салып отыратын Таубай жоқ. Туыстықтан да кете бастаған. Соңғы жылдары біріне бірі қатынаспайтын болған. Шоң да бұрынғыдай емес, «Балықтыкөлге» қаршыға салып барып жүргенде оларға соқпайтын. Бұл да Елгелділердің сырттан айтқан сөздеріне ренішті еді. Шоң жүйрік ат сұрап, Елгелділерді әуре етпей-ақ қоямын деп отырған еді. Бірақ сыртта көз көп. Ертеңгі күні Шоң ана Сатыпалдының бір баласы Елгелділерден жүйрік ат алмады дейді. Соны ойлаған ол қазіргі Елгелдінің үлкені Ақсарыны екі рет шақыртқан. Ол келмеді. Сол екі ортада әкесі ме, әлде басқа біреулер ме, мына көрші жатқан Елгелділерде жүйрік ат барын жеткізіпті орыс-казак бастығына. Мұның арты ертеңгі күні ұмытылмайтын бір әңгімеге айналып кететінін біліп, Шоң ертеңіне орыс-казактардың екеуін ертіп алып Балықтыкөлге тартты. Тура Айсарының үйіне келген. Бұл кезде ол қайтыс болған. Ол өлгенде Елгелділер Шоңға оның қайтыс болғаны туралы хабар бермеген. Шоң кейін Елгелділер хабарламағанына қатты ренжіп жүретін. Олар үшін аруаққа ренжуге болмайды. Сондықтан бірінші Айсарының үйіне келді. Үйден оның баласы Құтпан шықты. Шоң оны бұрын СКАЧАТЬ