Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 31

СКАЧАТЬ уақытша тоқтау ғана. Менен сұрамайды. Алда тағы да көшіп келуі мүмкін…

      – Өзіңіз болыссыз, орыстармен қатынасыңыз жақсы көрінеді, қалай тоқтатамыз? Мүмкін, ана жоғары жақта отырған адамдарға пара беру керек шығар.

      – Есіңде болсын, пара беріп тоқтата алмайсың. Орыстардың осылай қарай жылжуы патшаның басты саясаты екенін ұмытпа. Тек көшіп келгендердің жасап отырған заңсыз қылықтарын жоғары жаққа хабарлау арқылы бірдеңе жасауға болады. Қазақта басқа амал жоқ…

      Мына сөзді жігіт ұнатпай қалды. Шоң да оның көңілінен шықпағанын білді. Сәл отырып айтқан:

      – Сізді орыстармен жақсы дейді ғой. Қалай жақсы болдыңыз? Соны маған айтыңызшы. Мен де сіздің әдіспен сөйлесіп көрейін. Жігіттің жағдайға түсінбей отырғанын байқап Шоң қаттырақ сөйледі.

      – Саған оны кім айтты, менің орыстармен жақсы екенімді?..

      – Ел айтып жүр.

      – Шырағым, ол бос сөз болар. Мен орысша білген соң айтар ойымды жақсылап орыстарға жеткіземін. Содан кейін орыстар да кейде менің сөзімді тыңдайды. Басқа жағынан басқа болыстармен бірдеймін.

      – Елдің аузынан естідім, сізге ояз да, басқа да орыстардың сорпа бетіне шығарлары да келіп жүретін көрінеді.

      – Келсе шаруа жағдайымен келеді. Болыс болсаң, саған да барады.

      – Жоқ, ағасы, ояз кез-келген болыстың үйіне келе бермейді және оның сайлауына қатыспайды.

      – Менің сайлауыма ояздың қатысқанын кім айтты?

      – Өзі қатыспай-ақ, келген адам ояздың айтуы бойынша, сізді жақтап өткізетін көрінеді. Яғни, сіздің орыстар алдында беделіңіз бар. Сіз оларға сөзіңізді тыңдата білесіз. Сіз де бізге көмектессеңіз. Біздің жақтың болыстарына сіздің әдісіңізді айтып барайын.

      Біреу сыртынан мақтап-мақтап жіберіп отырғанын білді. Не айтарын білмей қалды. Жігіт сөзін әр қарай жалғады.

      – Сіз оның үстіне Құрылтайға қатысып, патшаны мақтап сөйлепсіз.

      – Ондай жағдайда патшаны қанша жек көріп тұрсаң да мақтап сөйлейсің. Тәртіп солай. Келіп басып алған орыстарға қазіргі заманда қарсы сөз айтуға болмайды. – Біреудің жалған жел сөзімен келіп отырғанын білді де Шоң айтты: – Ешбір сайлау орыстардың қатынасуынсыз өтпейді, біреулер сені шатастыру үшін солай деген болар. Рас, орыстарсыз қазақтың сайлауы өтпейді, олар ыңғай бақылап отырады. Өйткені, олар қазақтарға сенбейді. Сенің естігенің біреудің жалған сөзі болар. – Шоң мына жігіттің әбден орыстарға ыза болып, осындай күйге жетіп отырғанын білді. Шоң отырып ойлады, көзі көрмеген орыстарға бір хат жазып бергісі келді. Жалпы, орыстың старосталары қазақ болыстардың сөзін де тындамайтын, қазақтарды төмен адамға санайтынын байқап жүр. Сол ойына түсті де, ол ойынан тез айныды. Ондай хат жазып өзін де, мына жігітті де ұятқа қалдыратынын білді. Содан кейін айтқан:

      – Менің ол жақтағы сендердің болыстарыңнан артықшылығым жоқ. Бір артықшылығым бар, ол – орыс тілін білетіндігім. Сен орыс тілін жақсы білетін бір төрелерді алып барып, солармен СКАЧАТЬ