Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов страница 26

СКАЧАТЬ да болады, ал әдемі емес курсорға пайдаланушылар бейімделе алмайды, себебі курсор экран бетінде болған кезде олар әрдайым оған қарап отыруға тура келеді.

      Сондықтан курсорды пайдаланудың дұрыс жолы келесідей: эстетикалық жағымды еткіңіз келсе, барлық кезде курсордың индикациялық көрінісін қолдану керек; ал қалған кезде курсор жайлы ойламаса да болады.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Адам-компьютер өзара әрекеттесуі қандай ғылыми бағытты қамтиды?

      2. Компьютерлік интерфейстің аппараттық қамтамасыздандыруына не жатады? Оларды сипаттаңыз.

      3. Адам-компьютер өзара әрекеттесуіне арналған қандай факторларды білесіздер? Түсініктеме беріңіз.

      4. Интерфейстің юзабилити мағынасын түсіндіріңіз.

      5. Пайдаланушы интерфейсі ретінде нені түсінесіз?

      6. Пайдаланушы интерфейсін ұйымдастырудың тәсілдері. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

      7. Пайдаланушының командалық жолдар интерфейсі мен графикалық интерфейсі.

      8. WIMP аббревиатурасымен не белгіленеді? Олардың артықшылықтарымен қатар проблемаларын түсіндіріңіз.

      9. Интерфейсті құрудың негізгі принциптерін келтіріңіз. Әрқайсысына жеке-жеке тоқталыңыз.

      10. Графикалық пайдаланушы интерфейсінің қандай элементтерін білесіз? Қысқаша түсіндіріңіз.

      11. Иконкаларды бойындағы функцияны нақты көрсетуіне байланысты қалай жіктеуге болады?

      12. Айналдыру жолағын құрастыру кезінде ескерілетін талаптар.

      13. Құрал-сайман тақтасы дегеніміз не? Ол неден тұрады? Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

      14. Мәзірдің кездесетін негізгі жіктелуі.

      15. Тәжірибелі пайдаланушыларға арналған құрал-саймандар тақтасы. Статус жолы.

      5-тарау

      ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

      5.1. Деректер қорын басқару жүйесі: ұғымы, сипаттама, құрылымы

      Кейбір нақты объектілердің (жүйенің) пән аймағының бар болуы, мысалы, кәсіпорынның кадрлық құрамы, қорытындылау емтихандарының үрдісі, кітапханада кітап қорының бар болуы, нақты бір объекті атрибуттарының, сипаттамаларының жәнеқасиеттерінің бар болуы, компьютерлік іске асыру мүмкіншілігінің бар болуы ДҚ-ны құрудың ең негізгі критерийі болып табылады.

      ДҚ – арнайы бір пән аймағында жататын берілгендер жиынтығы.

      ДҚБЖ –ДҚ-ны құруға арналған программалық құрал. ДҚБЖ деректер қорын толықтыруға, өзгертуге, ақпаратты іздеуді жүзеге асыруға, сұрыптау, топтастыру және есеп беру құжаттарын алуға мүмкіндік береді.

      Ақпаратты сақтау қажеттілігі оның мәні болып табылады.

      ДҚ-ны иерархиялық, желілік және реляциялық болып 3 түрге түрге бөледі.

      1. Иерархиялық – осылай деректерді сақтауда әрбір ақпарат белгілі бір мән ретінде қолданылады, осы мәнге тәуелді еншілес элементтері болады, бірақ барлығы СКАЧАТЬ