Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов страница 23

СКАЧАТЬ (екіден жетіге дейін батырмалар болғаны дұрыс).

      Тізімдер ауыстырып-қосқыш және чекбоксты жүзеге асырудың нұсқасы болып табылады, ол – ашылатын мәндер тізбегін бейнелейтін (көбінесе тізім бойынша жоғары-төмен жылжуға арналған слайдерлермен біріктіріледі) және пайдаланушыға тізімнен мән таңдауға немесе біріктірілген мәтін өрісіне басқа мәнді енгізуге мүмкіндік беретін арнайыландырылған басқару құралдары. Тізімдер – экранда минималды орын алатын, сонымен қатар бойында үлкен ақпараттық жүктеме орналасқан ыңғайлы және шағын болатын интерфейстің элементі.

      Тізімдер парақталатын және ашылатын болып бөлінеді. Парақталатын бір таңдау жасауды (ауыстырып-қосқышқа ұқсас) және бірнеше таңдау жасауды (чекбокс) қамтамасыз етеді. Ал ашылатын тек таза ауыстырып-қосқыш түрінде жұмыс істейді. Тізімнің жеке элементтеріне қатынау жылдамдығы мен көрнекілігі ықшамды болуымен (яғни элементтер саны үлкен болса, экран кеңістігін үнемдейді) және кеңейгіштік болуымен (пайдаланушыға жұмыс істемейтін элементтерді көрсетпейтіндіктен интерфейсті құрастыру барысында динамикалық өзгеріп отыратын элементтер тізіміне жүктеулер жасау) ерекшеленеді.

      Ашылатын тізім тізімнің ең қарапайым түрі болып табылады. Тізімдердің жалпы құндылықтарынан бөлек, ашылатын тізімнің жалғыз құндылығы бар. Ол тізімнің аз ғана биіктігі арқасында құраушылардан жинақталған командаларды қиындықсыз визуалды түрде көрсетеді.

      Парақталатын тізімі тізімдердің қиындау нұсқасы болып табылады. Парақталатын тізімдер пайдаланушыға бір немесе бірнеше таңдау жасауға мүмкіндік береді.

      Жалғыз таңдау тізімдері. Жалғыз ғана таңдау тізімі ауыстырып-қосқыш тобы мен ашылатын тізім арасындағы аралық нұсқа болып табылады. Элементтер саны ауыстырып-қосқыш тобынан кіші, ал ашылатын тізімнен үлкен болып келеді. Сәйкесінше, оны тек экран кеңістігінің «жалқау үнемдеу» жағдайында ғана пайдалану керек.

      Бірнеше таңдау тізімдері. Көптеген программалардың интерфейсінде іске асырылған, жеткілікті түрде ыңғайлы, ұсынылған жинақтардың ішінен бірнеше нұсқа таңдауға мүмкіндік береді.

      Комбобокстар. Комбобокс деп енгізу өрісімен тізімнің гидридтарын айтады: пайдаланушы бұрын бар элементті таңдай алады немесе өзінің элементін енгізеді. Комбобокстың екі түрі бар: ашылатын және кеңейтілген.

      Енгізу өрісі. Командалы батырмалармен, чекбокстармен және және ауыстырып-қосқышпен бірге қоса енгізу өрісі кез келген интерфейстің негізі болып табылады.

      Слайдерлер немесе жылжытқыш – ағымдағы күйді көрсететін индикатордан (жылжытқыш) және өзгерілетін параметрдің мүмкін болатын мәндерін көрсететін (мысалы, бейненің жарықтығы мен кереғарлығы), айналдыру жолағынан тұратын (slider bar) басқару элементі. Слайдерлер горизонтальды немесе вертикальды болуы мүмкін, ал индикатордың жылжуы квантталған немесе квантталған емес болуы мүмкін. Егер пайдаланушыға жақсы реттелген қатардан мән таңдауға мүмкіндік берсек, СКАЧАТЬ