Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов страница 21

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Командалық тілдер үйренуге көп уақыт жұмсауды және көп күшті талап етеді. Үйрену кезінде интеллектуалды күшті ғана талап етіп қоймай, сонымен қатар эмоциялық күшті де керек ететінін айта кету керек. Алғашқы жағымсыз әсер компьютер алдында тиімді пайдалану мен үйренуді қиындатып, тұрақты қорқыныш тудыруы мүмкін. Керісінше, графикалық интерфейс жаңа пайдаланушыға тез арада қолжетімді мүмкіндіктерді байқауға және қалағанын таңдауға септігін тигізеді. Көп жағдайларда нұсқалардың көрнекілігі мүмкіндіктер көптігінен маңызды болып саналады.

      Дегенмен кейбір жағдайларда нұсқалардың тым көптігі пайдаланушыны шатастыруы мүмкін. Адам бір уақытта шекті сан-дағы объектілермен және параметрлермен әрекет жасай алатынын ұмытпаған жөн, қазіргі кездегі деректер бойынша адам және жылықанды жануарлардың бұл саны 6-7 объектілермен шектелген.

      Жүйенің базалық мүмкіндіктерін игергеннен кейін де адам қандай да бір операцияларды орындау командаларын ұмытып қалуы мүмкін, бұл мағынада барлық мүмкіндіктері көз алдымызда тұрған графикалық интерфейстер артықшылыққа ие.

      GUI интерфейсі шындыққа жанаспайтын, алдын ала анықталған жағдайларда пайдаланушы мүмкіндігін шектейді. Жақсы ойластырылған интерфейстер командалық тілдер сияқты комбинациялық операцияларға икемділік мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Жазу мүмкіндігі мен тізбектелген әрекеттерді орындау (мысалы, макростар) көптеген жағдайларда командалық файлдардың орнын алмастыруы мүмкін.

      Салыстырмалы жоғары үстемелі шығындар графикалық интерфейспен тығыз байланысы үлкен зиян емес. Аппараттардың қазіргі кездегі бағасы төмен, себебі ол графикалық жүйені пайдалану және үйрену қаражатымен орнын толтырады. Сонымен қатар өз алдына жоғары сапалы графика мен үлкен есептеу қуаты бар: автоматты жобалау жүйесі, полиграфиялық жұмыстар, синтез және видеодеректерді және т.б. қосымшаларға арналған көптеген заманауи үстелдік жүйелер пайдаланылады.

      Тағы бір маңызды жайт: дұрыс таңдалған түс, әдемі салынған басқару элементтері, т.с.с ерекшеліктері бар жақсы ойластырылған графикалық интерфейс көзбен қарағандада тартымды болып келеді.

      Әртүрлі категориялы пайдаланушы интерфейстері әртүрлі ойлау қабілетіндегі адамдар үшін дайындалуы мүмкін. Мысалы, командалық интерфейстер логикалық ойлау қабілетіне ие адамдарға қолайлы болса, ал графикалық интерфейс бейнені ойлау қабілетіне ие адамдар үшін тиімді. GUI-ге бағытталған Macintosh компьютерлерін негізінен суретшілер, дизайнерлер және басқа да «бейнені ойланатын» шығармашылық мамандықтағы адамдардың көптеп қолданатыны түсінікті.

      Командалық интерфейс пайдаланушының мақсаты анық болғанда өте жақсы, әсіресе тұрақты орындалатын жоспарлы міндеттерді атқару үшін өте маңызды. Графикалық интерфейс нақты анықталмаған немесе алгоритмі дұрыс құрылмайтын проблемаларға қолайлы.

      Сондықтан жақсы жүйе екі интерфейсті де ұсына білуі керек. Мысалы, Apple фирмасының дайындаушылары СКАЧАТЬ