Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов страница 29

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Негізгі кілт – бірегей индекс. Бірде-бір жол екі бірдей негізгі кілтке ие бола алмайды. Әдетте, негізгі кілттерді кестелерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданады. Берілген тапсырма бойынша логикалық және суррогатты кілттер ажыратылады.

      Логикалық негізгі кілт – бұл жазбаны табиғи жолмен анықтайтын кілт. Мысал ретінде, ҚР азаматының ЖСН-і, жеке куәлік нөмірі. Осы деректер бірегей, яғни ЖСН және жеке куәлік нөмірлері ұқсас екі ҚР азаматы жоқ.

      Суррогатты негізгі кілт – негізгі кілтпен қамтамасыз етілетін табиғи кілт болмаған жағдайда қолданылатын кілт. Бұл кілттерге автоматты белгілеу қояды.

      ДҚБЖ – пайдаланушыларға ДҚ-ны анықтауға, құруға, өзгертуге және сүйемелдеуге мүмкіндік беретін, оған қоса қорға басқарылатын қолжетімділікті жүзеге асыратын ПҚ.

      ДҚБЖ-ның функционалдық мүмкіндіктерінің тізімі.

      1. Дерек сақтауды басқару – ақпаратты қосу, кетіру және жаңарту алу мүмкіндік. Дерекке қолжетімділікті жылдамту үшін ДҚ ақпаратын сыртқы жадыда сақтауды қамтамасыздандыру.

      2. Оперативті жадының буферін басқару – ақпаратты өңдеуді жылдамдату үшін деректерді оперативті жадыға буферлеу.

      3. Жүйелік деректер каталогын басқару – оны деректер сөздігі деп те атайды. Мұнда сақталатын ақпараттардың аты, типі және көлемі; қолданушылардың аты және олардың қолжетімділігі; статистикалық деректер сақталады.

      4. Журналды басқару – журнал қолданушыларға қолжетімсіз. Онда кез келген өзгерістер туралы дерек сақталады.

      5. Мәмілені басқару – тұтас болып есептелетін деректерге жүргізілетін операциялардың реттілігі. Деректі өңдеу барысындағы бір этап істен шықса, деректердің бастапқы қалпына оралады.

      6. Қауіпсіздікті басқару – қауіпсіздік белгілі бір кестеге құқық ДҚ-да сол немесе басқа кестелерге қолжетімділік және мүмкіндіктер құқығын орнату есебімен қауіпсіздікке жетеді. Мысалы, кейбіреуге сол кестедегі қарауға, кейбіреуге кестедегі деректерді өңдеуге рұқсат етіледі, ал администратор ДҚ-ның құрылымын өзгерте алады.

      5.3. SQL – құрылымдық сұраныс тілінің негізі

      SQL (ағылш. Structured query language – құрылымдық сұраныс тілі) – реляциялық ДҚ-ларын құруға, өзгертуге және басқаруға арналған әмбебап компьютер тілі.

      Реляциялық ДҚ-ны технологиялар саласындағы салалық көшбасшылары қолдағандықтан, сонымен қатар компьютерлік технологиялар ерекшеліктерінен және әсемдігінен ол тәуелсіз, SQL ДҚ-ның негізгі стандартты тілі

      SQL стандарты Америкалық Ұлттық Стандарттар Институтымен (American National Standards Institute, ANSI) және Стандарттаудан Халықаралық Ұйымымен анықталады.

      SQL екіге бөлінеді: интерактивті және енгізілген. Екі формада көп бөлігі бірдей жұмыс жасайды, бірақ әртүрлі қолданылады. Интерактивті SQL тапсырыс берушінің пайдалануына арналған қорытындысын шығаруға ДҚ-ны пайдалануға тікелей қолданылады. Мұнда SQL команданы енгізгенде, ол тез орындалады және оның қорытындысын бірден көруіңізге болады.

      Енгізілген SQL ол SQL командаларынан тұрады, әдетте басқа тілде жазылған ішкі программада орналасқан СКАЧАТЬ