Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов страница 28

СКАЧАТЬ ДҚ-ны аламыз:

      ТАҢДАУ (АТЫ-ЖӨНІ, ТАҢДАУ УАҚЫТЫ, КУРС)

      СТУДЕНТ (АТЫ-ЖӨНІ, ТУҒАН КҮНІ, ТОП)

      ОҚЫТУШЫ (ТОП, ОҚЫТУШЫ)

      Үшінші қарым-қатынаста кілт ретінде топ нөмірі алынады, себебі ол қайталана алмайды. Оған қоса оқытушы бірден артық топтарды оқытуы мүмкін жағдай туындайды. Алынған ДҚ үшінші ретті қалыпты форманың талаптарына сай келеді: кестедегі кілттік емес өрістер өзінің кілттеріне тәуелді, өтпелі тәуелділік жоқ.

      Құрылған ДҚ-ның тағы бір ерекшелігі – осы үш қарым-қатынастың арасында ортақ өрістердің бар болуы. ТАҢДАУ және СТУДЕНТ қарым-қатынастарының арасында ортақ АТЫ-ЖӨНІ өріс болып табылады. СТУДЕНТ пен ОҚЫТУШЫ қарым-қатынастарының арасында ортақ ТОП өрісі. Байланысқан кестелер арасында тағы бір ұғым: байланыс типі. Байланыс типінің 3 нұсқасы болады: «бірдің бірге», «бірдің көпшілікке», «көпшіліктің көпшілікке». Біздің мысалда байланысқан кестелер арасындағы байланыс типі «бірдің көпшілікке» сызбалық түрде келесідей көрсетіледі:

      Мағынасы келесідей: әрбір оқытушыда (әрбір топта) көп студент бар; әрбір студент оқытушыны бірнеше рет таңдайды.

      Қарастырылған мысалда қалыпқа келтіру процедурасы реляциялық ДҚ теориясымен сәйкес келеді.

      Деректер бір-бірімен логикалық байланыста және ақпарат қайталанбау үшін деректерді егжей-тегжейлі талдау қажет.

      Барлық деректерді өзіне қатысты түрлі объектілер арасында бөлуге болады. Жоғарыда келтірілген мысалда КУРС ТАҢДАУ кестесі осы ақпаратқа байланысты үш түрлі емделушілер, дәрігерлер және емделушілердің дәрігерге баруы объектілерін көруі керек. Сәйкесінше, өз арасында ортақ өрістермен байланысқан және осы үш объекті типіне қатысты атрибуттардан тұратын үш кесте құрылады.

      Осылайша, болмыстар атрибуттар деп аталатын сипаттамаларға ие. Атрибуттар өзіндік ішкі құрылымына қарай қарапайым немесе күрделі болу мүмкін. Қарапайым атрибуттар қарапайым деректер типімен беріледі.

      Байланынстың негізгі екі түріне мысал келтірейік:

      1. Бірдің бірге 1:1 – бірінші кестенің бір атрибутына екінші кестенің тек бір атрибуты сәйкес келеді.

      Мысалы: Қазақстан азаматында тек бір жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) және сәйкесінше бір ЖСН-ға тек бір азамат тіркеле алады

      2. Бірдің көпшілікке 1:М – бірінші кестенің бір атрибуты екінші кестенің бірнеше атрибутына сәйкес келеді.

      Мысалы: бір студент тек бір топта оқи алады, бірақ бір топта бірнеше студент оқи алады.

      Деректер сызбасы (ЕR-диаграмма – Еntitу-Rеlаtiоnshiр) ақпаратты өңдеу жылдамдығын арттыруға және деректердің тұтастылығын сақтауға мүмкіндік береді. Деректер сызбасын құру барысында кестелердің бір-бірімен байланысуына мән берген жөн, егер бір-бірімен байланыспаған кестелер кездессе, құрылымды тағы да қарап шыққан дұрыс. Егер сізде 1:1 және 1:М байланыстарынан басқа байланыстар құрылса, бұл да құрылымның қате екендігін көрсетеді. Егер бір СКАЧАТЬ