Название: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2230-8
isbn:
Компьютер ретінде үстелдік компьютерден ірі көлемдегі компьютерлік жүйелерді немесе өндірістік үдерістерді басқару жүйелерінің технологиялары қарастырылады. Өзара әрекеттесу ретінде пайдаланушы мен компьютер арасындағы кез келген байланыс түсініледі. Мұндағы ең маңыздысы – нақты мақсаттарға жету үшін пайдаланушының компьютермен өзара қарым-қатынасы.
Бүгінгі таңда көптеген программалық өнімдердің шығуына қарамастан, олардың бірнешеуі ғана пайдаланушының шынайы практикалық программалық интерфейсін ерекшелей алды, ал жоғары практикалық деңгейдегі сапаға ие программалық өнімдердің саны одан да аз. Нағыз кәсіби өнімді жасау үшін бір интерфейс жеткіліксіз. Әмбебаптығымен және ауқымдылығымен ерекшеленетін эстетикалық тартымды интерфейс талап етіледі. Пайдаланушы интерфейстері ПҚ-ны жобалаушылар үшін маңызды кілттік момент болуы керек екендігі айқын.
Жобалаушылар пайдаланушыны, пайдаланушы қажеттіліктерін және оның жұмыс ортасын түсіне білуі керек. Компьютерлік жүйелер пайдаланушылардың тым көп ақпараттарды есте сақтауын талап етеді, олар аз ғана қателіктің өзіне төзімсіз келеді. Бұл және басқа да сұрақтар интерфейсті жобалау кезінде ескерілуі тиіс.
Өткен онжылдықтарда көптеген компьютер пайдаланушылары негізінен программистер және компьютерлік жүйелерді жобалаушылар болды. Демек, компьютерлік жүйені пайдаланушы адам жүйені жасаушы индивидуум ретінде басқа да келісімдер мен мәдениеттерге жүктелетін. Бірақ соңғы жылдарда компьютердің кәсіпқой маманы емес, пайдаланушылардың болуы кәдуілгі құбылыс болды. Нәтижесінде жобалаушы пайдаланушыға эквивалент болмайтын болды. Мұндай жағдайда жобалаушылар пайдаланушылардың дайындалып жатқан жүйеге қойылатын талаптары туралы, мүмкіндіктері мен шектеулері туралы ақпарат беретін құрал-жабдықтар ортасы мен әдістеріне мұқтаж болады.
4.2. Адам-компьютер өзара әрекеттесуінің негіздері
«Адам-компьютер өзара әрекеттесуі» термині пәннің жалпы анықтамасын береді, бірақ тақырыптың әмбебап пәндік сипатта-масын және шынайы күрделілігін бермейді. Тақырыптың көпқырлылығы бес анықтама беруге мүмкіндік жасайды, олардың әрқайсысы адам-компьютер өзара әрекеттесуінің бір аспектісі болады. Бұл анықтамалар зерттеудің әртүрлі облысын бейнелейді.
Программалық қамтамасыздандырумен аппараттық құралдарды зерттеу.
Компьютерлік интерфейстің аппараттық қамтамасыздандыруына пернетақта, тінтуір, жүйелік блок, монитор жатады. ПҚ пайдаланушыға көруге, естуге, белгілеуге, компьютер экранында қозғауға көмектесетін, сонымен қатар пайдаланушы жұмыс істейтін барлық ақпараттарды қамтиды, адам-компьютер өзара әрекеттесуі тек қана қазіргі кезде бар әрекеттесуді тудырушы, енгізу-шығару технологиясын зерттеп қоймай, сонымен қатар өзара әрекеттесуге әсер ететін дыбыстарды тану сияқты жаңа технологияларды да зерттейді. Мұндай зерттеулердің СКАЧАТЬ