Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов страница 20

СКАЧАТЬ интерфейстерінің жаңа кластарын туындауына әкеледі. Алайда жаңа құралдардың пайда болуымен интерфейстердің ескі кластарын пайдалануды толығымен тоқтату міндетті емес. Интерфейс кластары өте кең ұғым болып табылады. Базалық интербелсенді құралдармен берілген кластардың ішкі кластарға бөлінуі ойға қонымды, мысалы графикалық кластарды алып қарастырсақ, оларды екі өлшемді және үш өлшемді интерфейс ішкі кластарына бөлуге болады. Осындай жіктеу бойынша кең таралған WIMP (ағылш. Windows-Icons-Menus-Pointing device – іске қосылған интербелсенді элементтерді көрсететін – терезе, пиктограммалар, мәзір және позициялаушы құрылғылар (әдетте, тінтуір)) интерфейсі екі өлшемді ішкі класқа жатады. Бүгінгі таңда SILK (сөйлеу), биометрикалық (мимикалық) және семантикалық (қоғамдық) сияқты интерфейстің жаңа кластары жақсы дамуда.

      4.1-кесте

      Пайдаланушы интерфейсінің басқарушы құралдарын жіктеу

      Пайдаланушы интерфейсінің жаңа түрі – түйсіну пайда бола бастады. Бұл сала әлі де толық зерттелмеген болса да, түйсіну сезіміне негізделген аппаратура жақында пайда болды. Түйсіну құрылғыларының басқа интербелсенді құрылғыларынан айырмашылығы сезіну қабілеттілігі мен ақпарат жөнелту қабілеттілігі болып табылады. Осылайша, түйсіну интерфейстерінің дизайнерлері екі маңызды жағдайды қарастырады: түйсіну сезімі (жанасу сезімі) және «кинестетикалық» (kinesthetic) сезім (сезім, дене қайда орналасқан). Бұл құрылғылар жалпы ортақ ерекшеліктерге ие: олар қимыл мен жағдайлар туралы ақпарат алатын әрі берілген нүктедегі күш шамасын қайтаратын PHANToM сияқты күштің кері байланыс құралдарымен жабдықталған. Осылайша, пайдаланушы дененің сыртқы бетіне жанасу кезіндегі әртүрлі қысымдар қабаты арқылы қозғалыстағы объектінің формасын сезінуі мүмкін.

      Жоғарыда айтылғандай, қазіргі кезде пайдаланушы интерфейсін ұйымдастырудың екі түрлі тәсілі қалыптасқан. Біріншісі тарихи ерте кезде қалыптасқан пайдаланушыға жеке командалар түрінде безендірілген программа жүктелетін командалық тілді беретін тәсілден тұрады. Бұл тәсіл командалық жолдар интерфейсі (ағылш. Command Line Interface – командалық жолдар интерфейсі, CLI) деген атпен белгілі.

      Балама тәсіл пайдаланушыға тінтуірдің немесе басқа да координаталық енгізу құрылғысының көмегімен әрекеттерді таңдауға мүмкіндік беретін экрандағы – икон (icons) кескіндері түріндегі символдық бейнелерден тұрады. Бұл тәсіл пайдаланушының графикалық интерфейсі атымен белгілі.

      GUI (екі өлшемді) ішкі класының бірін WIMP аббревиатурасымен белгілеу қабылданғанын жоғарыда айтып кеттік, ол іске қосылған интербелсенді элементтерді көрсететін – терезе, пиктограммлар, мәзір және позициялаушы құрылғылар (тінтуір) болып табылады. Интерфейстің нақ осындай түрі 1984 жылы Macintosh-пен бірге кең таралымға ие болды, кейіннен бұл дербес компьютерлерге арналған Windows-қа көшірілді де, Windows бүгінгі күнге дейін басымдылыққа ие болуда.

      Заманауи ОЖ-ларды дайындаушылар әдетте екі тәсілді де жүзеге асыруға керекті құралдармен әрі көбінесе екі СКАЧАТЬ