Название: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2230-8
isbn:
Кестедегі сандық деректерді өңдеуге арналған программа электрондық кесте деп аталады. Кестедегі деректер жол мен бағанның қиылысуындағы ұяшықта сақталады. Ұяшықта сандар, символдық деректер мен формулалар сақталынуы мүмкін. Формулалар бір ұяшықтың мәнінің басқа ұяшықтың мәніне байланыстылығын береді. MSExcel кестесін ең көп тараған электрондық кесте ретінде есептеуге болады.
ДҚ-мен жұмыс істеу үшін арнайы ПҚ – ДҚБЖ қолданылады. ДҚ – дискіде сақталынатын арнайы түрде ұйымдастырылған деректер жинағының жиынтығы. ДҚ-ны басқару деректерді енгізуді, оларды түзетуді және деректермен айла-шарғы жасауды, яғни қосуды, өшіруді, алуды, жаңартуды және басқа да операцияларды қамтиды.
Деректерді ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты желілік, иерархиялық, үлестірілген және реляциялық ДҚБЖ болып ерекшеленеді. Ең көп тараған ДҚБЖ: MicrosoftAccess, MicrosoftFoxPro, MSSQLServer, BorlandParadox, MySQL, сонымен қатар Oracle, Informix, Ingress, Sybase, Progress және т.б.
Жалпы тағайындалудағы қолданбалы программалардың әртүрлі программалар компоненттерін өзіне біріктіретін ПҚ біріктірілген пакеттер деп айтылады. Әдетте, олар мәтіндік редакторды, электрондық кестені, графикалық редакторды, ДҚБЖ-ны, бірнеше басқа программаларды және коммуникациялық модульді қамтиды.
Ең көп тараған біріктірілген пакеттер: MSOffice, Framework, Startnave.
CASE-технология, әдетте жүйелі талдаушылар, жобалаушылар және программистер сияқты әртүрлі мамандар қатысатын жобаны ұжымдық жүзеге асыруды талап ететін күрделі ақпараттық жүйелерді құруда қолданылады.
CASE-технология ақпараттық жүйені жобалаудан өзінің программалау мен ретке келтіруден бөліп алуға мүмкіндік береді, бұл жерде жүйені құрушылар нақтылаудан тыс кетпей ең жоғарғы деңгейде жобалаумен айналысады.
CASE-технологияны қолдану ақпараттық жүйелерді құру мен жобалау саласының шегінен шығатын уақытта кездесіп отырады. Бұл компанияның ұйымдастырушы және басқарушы құрылымының модельдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді және жоспарлау, қаржыландыру, оқыту сияқты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Заманауи CASE-технологиялар әртүрлі кластардың – банктер, қаржы корпорациялар, ірі фирмалар үшін ақпараттық жүйелерді құруда ойдағыдай қолданылады. Нарықтағы CASE-технологияның ішінен ADW, BPwin, CDEZTods, ClearCASE, Composer программалық өнімдерін ерекше айтуға болады.
ЭЖ – бұл кәсіби сарапшылар деңгейінде жоғары мамандандырылған аумақта пайдаланушы шешімді дайындаудағы білімді өңдеу жүйесі.
ЭЖ жағдайды болжау, фирма жағдайына диагностика жүргізу, мақсаттық жоспарлау, жұмыс істеу үрдісін басқару үшін пайдаланылады. Ол логикаға және мамандардың тәжірибесіне негізделген «егер … болса, не болады» түріндегі мәселелерді шешу үрдістерін компьютерлендіру салдарынан туындады. Бұл жерде негізгі идея мәселені қалай шешуді ұсыныс жасайтын қатаң қалыптастырылған алгоритмдерден пәндік саладағы мамандармен жинақталған білім қорында қандай мәселені шешу қажеттілігі СКАЧАТЬ