Название: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2230-8
isbn:
Техникалық қызмет көрсету жүйесі – бұл бақылауды, тестілеуді және диагностиканы орындауға, компьютер құрылғысының жұмыс істеуін тексеруге және компьютер жұмысының үрдісіндегі ақауды табуға пайдаланылатын дербес компьютердің программалық-аппараттық құралдар жиынтығы. Олар компьютердің техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу бойынша мамандардың құрал-саймандары болып табылады.
Пайдаланушының компьютермен ыңғайлы және көрнекті интерфейсін ұйымдастыру үшін ОЖ-ның программалық қабықшасы пайдаланылады. ОЖ-ның программалық қабықшасы – бұл ОЖ ортасы ұсынғаннан өзге пайдаланушыға компьютер ресурстарын басқару бойынша әрекетті орындауға мүмкіндік беретін программалар.
Қызметтік программалар (утилиттер, лат. utilitas – пайда) – жұмыстың ыңғайлылығын және жайлылығын арттыратын немесе жиі орындалатын жұмысты жүзеге асыру бойынша пайдаланушыға қосымша қызмет ұсынатын жүйелік ПҚ-ның типі. Кейбір утилиттер ОЖ-ның құрамына кіреді, ал кейбір утилиттер өздігінше программалық өнім ретінде нарыққа жеткізіледі, мысалы NortonUtilities (Symantec) сервистік утилиттердің көпфункционалды пакеті.
Барлық жүйелік ПҚ сияқты утилиттер құжатты өндіру немесе есеп сияқты нақты мәселелерді емес, вирустарды оқшаулау немесе қатқыл дискінің қателерді диагностикалау сияқты орталық компьютерге шоғырландырылады. Қызметтік ПҚ орнату шеберлерін, коммуникациялық программаларды, қорғау ПҚ мен диагностиканың құрал-саймандарын қамтиды.
Компьютердің базалық ПҚ сервистік, қосымша орнатылатын программалар жиынтығы болып табылады. Оны функционалдық белгілері бойынша келесі түрде жіктеуге болады:
– компьютердің жұмысқа қабілеттілігін диагностикалау программалары;
– компьютерді қорғауды қамтамасыз ететін, вирустарды жұқтырған файлдарды табатын және оларды қалыпқа келтіретін антивирустық программалар;
– магниттік дискілердің бетінің сапасын тексеруді, логикалық және физикалық деңгейде файлдық жүйенің сақталынуын, дискілерді сығуын, дискілердің сақтандыру көшірмесін құруды, сыртқы тасымалдауыштарға деректерді резервтеуді және т.б. қамтамасыз ететін дискілерге қызмет көрсету программалары;
– ақпаратты сақтау үшін жады көлемін азайту мақсатымен файлдарда ақпаратты сығу үрдісін қамтамасыз ететін деректерді архивтеу программалары;
– желіге қызмет көрсететін программалар.
Драйвер – басқа ПҚ-ның қандай да бір құрылғысының аппараттық қамтамасыздандыруға қатынауға мүмкіндік алатын жүйелік ПҚ-ның типі.
Негізінен ОЖ-мен аппараттық қамтамасыздандырудың кілттік компоненттері үшін жүйе онсыз жұмыс істей алмайтын драйверлер жеткізіледі. Әйтсе де кейбір құрылғылар (видеокарта немесе принтер сияқты) үшін, әдетте құрылғыны өндірушімен берілетін арнайы драйверлер қажет болуы мүмкін.
Жалпы жағдайда аппараттық СКАЧАТЬ