Название: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2230-8
isbn:
1) 128-159 кодтар қолданылмайды;
2) #160 – үзіліссіз бос орын;
3) #173 – шарасыз тасымал.
Графиканың берілуі.
Кескін экран бетіне шыққан кезде ол туралы екілік ақпарат видео жадысында болады. Кескіндер растрлық және векторлық графика болып екіге жіктеледі.
Растрлық кескінде бір қабатты кестеге біріктірілген нүктелерден тұрады (ағыл. тіл picture element). Пиксель түсі жөніндегі ақпарат оның екілік кодынан тұрады.
Адамның көзі 100-ден астам сұр түс реңін ажырататындықтан, ақ-қара кескіндерді бейнелеу үшін сұр түсінің реңдері пайдаланылады, бұл жерде тек жарықтығы өзгертіліп отырады. Бір пиксель 0-ден бастап 8-ге дейін биттермен кодталады. Жарықтық бір санмен сипатталады, қара түс – 0, ақ түс – N = 2k-l, бұл жерде k – разрядтар саны (8 разряд), яғни 255.
Түстер адам көзінің торы арқылы үш негізгі түстің – қызыл, жасыл және көк көмегімен беріледі.
RGB-ның (ағылш. Red – қызыл, Green – жасыл, Blue – көк) кейбір комбинациялары 2.2-кестеде берілген.
2.2-кесте
RGB (ағылш. Red, Green, Blue – қызыл, жасыл және көк) комбинациялары
Компьютер мониторында әр пиксельде әртүрлі жарықпен жанып тұратын үш «кіші лампа» бар: қызыл, жасыл және көк. RGB (аддитивті модель) қағидасы – кез келген түсті арнайы цифр және әріп коды арқылы беруге болатын ережелер жиынтығы. Осының көмегімен компьютер қызмет атқарады, оның жадысында әрбір жиынтыққа сәйкес келетін барлық комбинациялар мен түстер туралы ақпарат бар. Түсті жазу үшін он алтылық санау жүйесі пайдаланылады және он алтылық сан алдына «#» белгісін қояды. Мысалы, #FFFFFF(255, 255, 255) – ақ түс.
Ал егер кескінді қағаз бетінде бейнелейтін болса, онда RGB қағидасы жұмыс істемейді, себебі бояулар кейбір түстердің спектрін шығарудың орнына жұтады. Бұл бояулардың түстері RGB түстерін ақ түстен бір-бірлеп азайту арқылы анықталады. Сонда мынадай түстер шығады: көгілдір, қызыл күрең, сары.
Мысалы, кейбір CMY (ағылш. С – Cyan, көгілдір, M – Magenta, қызыл күрең, Y – Yellow, сары) комбинацияларын 2.3-кестеде келтірейік.
2.3-кесте
CMY комбинациялары
Бірақ қағазға басып шығарғанда, қара түс күлгін қоңыр болады, сұр болса сұр түске ұқсамайды, ал күңгірт түстерді жасау қиындау болып келеді. Ақырғы түсті қалыпқа келтіру үшін тағы бір қара бояу қолданылады. Қағазда басып шығару үшін CMYK (ағылш. С – Cyan, көгілдір, M – Magenta, қызыл күрең, Y – Yellow, сары, – blacK, қара) (субтрактивті модель) қағидасын пайдаланады. Соңғы әріптің мағынасын ашсақ ол blacK сөзінің қысқаруынан шыққан. CMYK қағидасында әрбір түстің негізгі мағынасы «түссіздік» дегенді білдіреді және 0 % бен 100 % аралығында анықталады (бояулар саны).
Сонымен қатар келесі түстер моделі де бар: grayscale (сұр түс реңі), HSB (ағылш. Hue – реңі немесе өңі, Saturation – түс қанықтылығы, Brightness – ашықтық) және HLS (ағылш. Hue – реңі немесе өңі, Lightness – жеңілділігі, Saturation – түс қанықтылығы), Saturation, LAB (ағылш. Luminance – жарықтылығы, A – бұл жасылдан қызыл күрең түске дейінгі түстер гаммасы, B – көгілдірден сарыға дейінгі түстер гаммасы), CIE XYZ (ағылш. Commission Internationale de l'Eclairage), RYB (ағылш. Red – қызыл, Yellow – сары және Blue – көк), СКАЧАТЬ